Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 3,2025, с. 173-188
Интернет-мемдердегі ұлттық құндылықтардың репрезентациясы
Аннотация · Abstract
Мақалада интернет-мемдердегі ұлттық құндылықтардың бейнелену жолдары қарастырылады. Интернет-мем – ақпаратты қысқа, нұсқа әрі бейнелі түрде жеткізетін, желі кеңістігінде жылдам таралатын заманауи коммуникация құралы. Осындай сипаттары оның жастар арасында кең танылуына жол ашып қана қоймай, ұлттық бірегейлікті нығайтуға, тарихи жадыны жаңғыртуға, мәдени мұраны бағалауға және патриоттық сезімді қалыптастыруға ықпал ететінін көрсетеді. Интернет-мемдер – визуалды және вербалды кодтар арқылы мазмұнды терең жеткізуге мүмкіндік беретін әмбебап платформа. Осы тұрғыдан алғанда олар тек күлкілі немесе ойын-сауықтық сипатта ғана емес, маңызды әлеуметтік-мәдени мағынаға ие дискурстық кеңістік ретінде де қарастырылады. Зерттеу жұмысының жаңашылдығы интернет-мемдердегі ұлттық құндылықтар алғаш рет кешенді тілдік және мәдени тұрғыдан зерделенуінен байқалады. Жұмыс барысында тілдік деректерді жинақтау, жүйелеу және өңдеу үдерістерінде контекстуалды талдау мен сипаттамалы әдістер қолданылды. Бұлар мемдердің құрылымдық және мағыналық ерекшеліктерін ашуға, ондағы ұлттық мазмұнды айқындауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар жұмыста интернет-мемдердің қазіргі заманғы мәдени трансляция құралы ретіндегі әлеуеті зерделеніп, олардың жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастырудағы рөлі ғылыми негізде дәлелденеді. Бұл зерттеу дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысында тұрған интернет кеңістігінің ұлттық танымды дәріптеудегі маңызын айқындайтын тың қадам болып табылады. Кілтті сөздер: интернет-мем, ұлттық құндылық, аксиологиялық лингвистика, мәдени код, цифрлық коммуникация.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/hjwm8152
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0