Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2024, № 1,2024, с. 274-287

КҮН КОЛЛЕКТОРЛАРЫНДА ШАҒЫЛЫСТЫРҒЫШТАРДЫ ҚОЛДАНУ

Г. К. Сыдыкова, И. Б. Құлтан, Г. Б. Тлеубаева, Ж. Т. Жүнісов, Ә. Б. Байғабылов

Аннотация · Abstract

Энергияға деген сұраныс азаматтық және өнеркәсіптік секторларда қазба отындарын шамадан тыс пайдалану арқылы тез өсуде. Қазба отындарды бұлай жоғары пайдалану ауаның ластануына және соның салдарынан жаһандық жылынуға әкеледі. Жаңартылатын энергияны қолдану технологиялары экологиялық таза болып саналады, өйткені олар дәстүрлі энергияға қарағанда қоршаған ортаға аз әсер етеді. Бұл мақалада алюминий парағы мен алюминий фольгадан жасалған жалпақ пластиналы концентраторларының және вакуумдық түтікті коллектормен параболалық ойық рефлекторыларының энергия тиімділігіне әсерін, алюминий парағы мен алюминий фольгадан жасалған күн концентраторларының оңтайлы орналасуын зерттеген жұмыстарға қысқаша шолу болмақ. Климаттық өзгерістерге, судың ластануына және бүкіл әлемде халықтың тез өсуіне байланысты су тапшылығы барған сайын өткір бола түсуде, ал тұщы суға деген қажеттілік артып келеді. Осы мәселелерді шешу үшін, тұзды судан тұщы суды алудың жаңа технологияларын қарастырамыз. Сонымен қатар, күн радиациясының мөлшерін арттыру үшін параболалық ойық рефлекторы мен вакуумдалған түтікті коллектормен біріктірілген. Күн радиациясының жоғары қарқындылығын алу үшін рефлекторлардың орналасуы өзгертіп олардың оңтайлы орналасуы өлшемдерін анықтау мақсатында жүргізілген жұмыстарды қарастырамыз. Кілтті сөздер: күн радиациясы, күн шағылыстырғышы, күн коллекторлары, концентратор, вакуумдық түтік.

Сведения · Details