Science and Technology of Kazakhstan, 2025, № 4, 2025, с. 375-387
ЭТАНОЛ-БЕНЗИН ОТЫН ҚОСПАЛАРЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, БЕНЗИН ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУ СИПАТТАМАЛАРЫН ЖАҚСАРТУ
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада бензин мен этанолдың отын қоспаларын пайдаланудың бензин қозғалтқышының пайдалану көрсеткіштеріне және зиянды заттардың шығарылу деңгейіне әсері қарастырылады. Зерттеу дәстүрлі бензинмен (АИ-92 және АИ-95) салыстырғанда этанолдың әртүрлі концентрацияларының (Е10,Е20,Е30) тиімділігін бағалауға бағытталған. Эксперименттік деректер қозғалтқыштың үш жұмыс режимінде алынады: бос жүріс, орташа және жоғары айналым. Пайдаланылған газдардың құрамын талдау үшін газ таолдауыш құрылғысы қолданылды, бұл СО, СО2, NOx және СН концентрацияларын анықтауға мүмкіндік береді. Нәтижелерге сүйенсек, этанолды бензинге араластыру отынның толық жануына, көміртегі тотығы мен көмірсутек шығарындыларының төмендеуіне ықпал ететіні анықталды. Этанолдың калориялық құндылығы төмен болғандықтан отынның меншікті шығынының біршама артуы байқалады. Сонымен қатар этанолдың жоғары октан саны детонацияға тұрақтылығы арттырып, қозғалтқыштың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Жалпы алғанда, бензин мен этанол қоспаларын қолдану энергия тиімділігін арттырумен қатар экологиялық қауіпсіздікті жақсарту және іштен жану қозғалтқышының жұмысын оңтайландыру үшін перспективалы бағыт болып табылады. Сынақтар бензин-этанол қоспаларында қысқа уақыт аралығында жүргізіліп, бастапқы нәтижелер алынды, алайда толық әрі дәл қорытынды жасау үшін қозғалтқыштың барлық сыртқы жүктемелермен (соның ішінде тежеу) ұзақ мерзімді сынақтарын өткізу қажет. Кілтті сөздер: биоэтанол, бензин қозғалтқышы, шығарындылар, отын қоспалары, экология.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/hcyw5972
- Журнал · Journal Science and Technology of Kazakhstan
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0