Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 2,2025, с. 518-531

"ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ ТҰТҚЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚАЛАМГЕРЛЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ "

А. Б. Шалғынбекова, А. Д. Амренов, С. Б. Жұмағұл

Аннотация · Abstract

"Мақалада Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы әскери тұтқындағы қазақ қаламгерлерінің шығармашылығы қарастырылады. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақ қалам қайраткерлігі майдан тұтқынындағы Қарыс Қанатбай (Қанатбаев), Мәжит Айтбаев, Мәулікеш Қайболдин (Мәулекеш Қайбалды), Хамза Абдуллин, Дәулет Тағыберлі, Әли Асқар, Мәжит Аяпбеков, Хакім Тыныбеков, Ғайпен Бейісұлы, Жәкебай Бапыш, Әйткеш Толғанбаев сынды дарындар шығармашылығымен көркемдік-эстетикалық, тақырыптық-иделық жүйеде жаңаша мазмұн, өзекті сипат алуының саяси-қоғамдық негіздері соны көзқараста байыпталады. Мақалада олардың жат елдің әскери тұтқында, соның ішінде Түркістан легионында жүріп Қазақстанға деген сағыныштарымен советтік коммунистік саясаттың ұлттық еркіндік пен азаттық идеяларын қыспаққа алуының зардаптарын, ұлт зиялыларын сталиндік репрессияға ұшыратудағы қылмысын әшкерлеуге, сынауға күш салудағы қайсарлықтары жаңаша танымда бағаланады. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақ қалам қайраткерлігі тоталитарлық жүйеге қарсы күресінде жаңа әдеби мазмұнмен толыға түскені айқындалады. Қалам қайраткерлері шығармашылығындағы басты тақырып өзегі ұлт әдебиеті мен мәдениеті, адам тағдыры, адамзаттық құндылықтар болғаны екшеледі. Сонымен қатар тоталитарлық жүйедегі саяси репрессиялар Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары да толастамағаны, соғыс тұтқынында болған майдангер қаламгерлер, өнер тұлғалары түрмеге тоғытылып, ұзақ жылдарға бас бостандықтарынан айрылғаны көрсетіледі. Советтік жазалау қысымынан бой тасалап, эмиграцияға кеткен өнер тұлғаларының аса күрделі де трагедиялы тағдыр-талайы айтылады. Кілтті сөздер: соғыс, әскер, тұтқын, адам тағдыры, Түркістан легионы, шығармашылық. "

Сведения · Details