Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 1.2025, с. 432-444

ҚАЗАҚ МИФОЛОГЕМАСЫНДАҒЫ «ТӘҢІР» МИФОНИМІНІҢ ЭТНОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІГІ

Р. М. Ускенбаева, А. Ж. Үдербаев, Г. К. Шахажанова, С. А. Оданова, К. Б. Жаксыликова

Аннотация · Abstract

Кез келген ұлттың тарихы, мәдениеті, тіл арқылы көрінетінін ескерсек, қазіргі жаһандану дәуірінде Әлемдік кеңістікте мәдениетаралық қатынастар барысында ұлт құндылығын, танымын бойына сіңірген тәңір теонимін тіл тұрғысынан талдап, көрсетуді осы мақалада негіз етіп алдық. Түркі халықтарына ортақ «жаратушы», «әлемді билеуші» мағынасымен қатар, қазақ халқының таным-түсінігіндегі «тәңір» сөзі «құдыретті тылсым ие» ұғымында қолданылатыны белгілі. Ұлттың болмысындағы өзгешеліктер ұлттық этносқа қатысты. Басқаша айтқанда, мұндай ерекшеліктер этносқа ғана тән дүние. Сол себептен де ерек этносқа тиесілі өзгешелікті қисын тұрғысынан этно-мәдени яки ұлттық, мәдени-ұлттық немесе мәдени-тілдік деген жөн болар. Осыған орай, лингвомәдени талдаулар тіл өзгешелігі мен мәдениеттің өзара қатынасында іске асатын ұлт негізіндегі құбылыстарды зерртеу нысанына алады Ұсынып отырған мақалада қазақ мәдениетінің базистік феномені, ежелгі кезеңдегі таным-түсініктің, ортаны меңгеру мүмкіндігінің ең ескі көрінісі ретіндегі мифологемалардың этномәдени және танымдық аспектісін ашу мәселесі тілді зерттеудің «қазақ әлемін тіл арқылы тану» үрдісіне жаңа бағыттарымен сабақтасады. Сонымен қатар мақалада ғаламның мифопоэтикалық үлгісіндегі мифологемалардың ұлттық-дүниетанымдық ерекшелігінің лингвомәдени мазмұны ашылып, шынайылық дәрежесі қазақ мифологиялық моделін құрайтын қазақ тіліндегі мифологемалардың өрісі арқылы дәлелденеді. Мақалада қазақ тілінде ғана емес түркі тілдерінде де кең қолданысқа ие тәңір сөзінің танымдық, ұлттық мәдени қыры айқындалады. Оның мифологиялық, фольклорлық шығармалар тіліндегі қолданысы сараланады. Көркем шығармалар тіліндегі қолданыс өрісі көрсетіледі. Кілтті сөздер: тәңір, құдай, жаратушы, мифтік ойлау, ұлттық мәдениет, мифологема, мифоним.

Сведения · Details