Science and Technology of Kazakhstan, 2024, № 2.2024, с. 285-293
СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУ
Аннотация · Abstract
Қалаларды сумен жабдықтау стратегиялық мақсаттағы тіршілікті қамтамасыз етудің маңызды құрылымы ретінде адам денсаулығын қорғаудың, ұлттық қауіпсіздіктің және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жетілуінің айқындаушы құрамдас бөлігі болып саналады. Сонымен қатар, Қазақстанның көптеген өңірлерінде экономикалық ыңғайлы тазарту технологияларының болмауына байланысты ауыз судың нормативтік сапасы сақталмайды. Су құбыры желілерінің қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі, оның химиялық және бактериялық ластануына, сондай-ақ елеулі шығындарға алып келеді, бұл жер асты сулары деңгейінің көтерілуіне, қалалық аймақтардың су басуына және жерасты құрылымдарының бұзылуына әкеледі. Су құбыры кешендерінің гидротехникалық құрылымдары мен хлор шаруашылығы объектілерінің экологиялық қауіпті процестердің жетілуімен авариялық жағдайлардың туындау қаупі өте жоғары. Қазақстан жоғары су стрессін сезініп отырған елдердің қатарына енді, ол 68 мемлекеттің ішінде 60-шы орында және су ресурстары мен онымен байланысты экологиялық жүйелердің нашарлығымен ерекшеленеді. Ел аумағы бойынша тұщы судың бірдей таралмауы, өзен ағымының маусымдық және көпжылдық тұрақсыздығы, оның басым бөлігінің мемлекеттен тысқары түзілуі, су көздерінің ластануы бұдан арғы әлеуметтік-экономикалық дамуға қауіп төндіреді. Қазіргі кезде елімізде сумен қамтамасыз ету мәселесі әзірге экономика салалары мен тұрғындарды қанағаттандырып отыр, бірақ сумен қамтамасыз ету проблемасы тек ушыға беретіні түсінікті. Су шаруашылығы құрылымдарының басым бөлігі кеңестік дәуірде салынған және олар қазіргі кезде нақты да, моралдық та тұрғыдан тым тозып кеткен. Маңызды және аз зерттелген мәселелердің бірі экологиялық қауіпсіздікті және қала аймақтары мен халықты азаматтық қорғаудың қажетті деңгейлерін қамтамасыз ете отырып, тұтынушыларға ауыз суды үздіксіз жеткізуді қолдау болып қала береді. Кілтті сөздер: экологиялық қауіпсіздік, су тарату жүйесі, мембрана, реагент, экожүйе.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/gygh5395
- Журнал · Journal Science and Technology of Kazakhstan
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0