Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series, 2025, № 2,2025, с. 387-402

ОРТА МЕКТЕПТЕ ФИЗИКАДАН ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ЖҮРГІЗУДЕГІ ТРАНСПӘНДІК ТҰҒЫР

А. Б. Искакова, А. С. Сәрсенбек

Аннотация · Abstract

Мақалада транспәндік тұғырдың әдіснамасы, білім беру жүйесі мен ғылымдағы жағдайы қарастырылады. Білім беру мазмұнын жаңарту мәселесін жүзеге асырудағы транспәндік тұғырды қолданудың әдістемелік мүмкіндіктеріне, ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді. Зерттеу мақсаты – орта мектепте физикадан зертханалық сабақтарды жүргізудегі транспәндік тұғырды қолданудың әдістемелік ерекшеліктерін айқындау. Зерттеу мақсатына сәйкес келесі міндеттер қойылды: 1) зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми-әдістемелік материалдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі бекіткен жалпы орта білімге қатысты нормативтік-құқықтық құжаттарды талдау; 2) физикадан зертханалық сабақтарды ұйымдастыруда транспәндік тұғырды қолдану әдістемесін ұсыну. Орта мектепте физиканы оқытуда транспәндік тұғырды қолдануға қатысты мәселені анықтау үшін ғылыми-әдістемелік зерттеулерді талдау және жинақтау негізіндегі әдіснамалық тәсіл қолданылды. Орта мектепте физикадан зертханалық сабақтарды жүргізуде пәнаралық байланысты жүзеге асыру деңгейін анықтау мақсатында мұғалімдерден сауалнама алынды. Зерттеу барысында: 1) орта мектепте физиканы оқытуда транспәндік тұғырды қолданудың әдістемелік ерекшеліктері айқындалды; 2) мектеп мұғалімдері арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес пәнаралық байланыстың мүмкіндіктері нақтыланды. Зерттеу барысында берілген транспәндік тұғырды физиканы оқытуда қолдануға қатысты берілген әдістемелік ұсыныстар мұғалімнің шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді және педагогикалық практикаға құнды үлес қосады. Кілтті сөздер: физика, информатика, Electronics Workbench, транспәндік тұғыр, когнитивтік сұлба, когнитивтік сұлбаларды көшіру.

Сведения · Details