Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 3.2024, с. 171-181
БИЗНЕС КОММУНИКАЦИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Аннотация · Abstract
Ғылыми мақалада бизнес коммуникацияны зерттеудің теориялық негіздері қарастырылады. Бизнес – адам іс-әрекетінің маңызды саласы. Оның ұлттық-мәдени ерекшелігі тілдің барлық деңгейлерінде және барлық аспектілерінде көрінеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жаһандану ғасырында бизнес контекстегі коммуникацияның маңызы арта түсуде. Сондықтан бизнес коммуникацияны тілдік аспектілер тұрғысынан саралап, қазақ тіл біліміндегі тың және өзекті тақырып ретінде ғылыми тұжырымдар жасау қажеттілігі сөзсіз. Мақалада бизнес коммуникацияға байланысты экономикалық, кәсіпкерлік және басқа да бағыттарда жазылған ғылыми зерттеулерге шолу жасалып, тақырыптың зерттелу деңгейі анықталады. Бизнестің экономикалық қызмет ретіндегі негізгі сипаттары жүйеленеді. Қолданыстағы іскерлік дискурс, кәсіби дискурс және бизнес дискурс ұғымдарына анықтамалар беріліп, өзіндік ерекшелігі көрсетіледі. Бизнес дискурстың іскерлік дискурстан айырмашылығын көрсету мақсатында «бизнес» және «кәсіпкерлік» ұғымдары анықталады. Бизнес туралы анықтамалардың саралануы негізінде бизнес коммуникацияның негізгі шарттары жүйеленеді. Бизнес коммуникацияны лингвистикалық тұрғыдан зерттеуде оның когнитивтік, мәдени, лингвопрагматикалық және жанрлық қырларын саралау қажеттілігі тұжырымдалады. Ғылыми мақаланың теориялық және практикалық маңыздылығы бизнес коммуникацияны зерттеудің негізгі аспектілерін одан әрі талдау және дамыту үшін ғылыми негіз бола алатындығында. Кілтті сөздер: бизнес коммуникация, кәсіпкерлік, бизнес лингвистика, бизнес дискурс, іскерлік дискурс.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/gsuh3312
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0