Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2024, № 3.2024, с. 282-292

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ЖАҒДАЙЫ

А. М. Жандарбекова, К. А. Мурзабекова

Аннотация · Abstract

Көп жылдар бойы Қазақстан Республикасы жол-көлік жарақатының деңгейі жоғары мемлекеттердің бірі ретінде белгілі. Осыған орай мемлекетіміз үшін жол апаттарына қарсы күрес үлкен әлеуметтік, маңызды мәселе. Жол апаттарын болжау олардың туындау ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсінуді, қауіпсіздік жағдайына әсер ететін факторларды бағалауды талап етеді. Жол қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін бақылауға және қауіп-қатерді шектеуге мүмкіндік беретін бірқатар әдістер бар. Олардың бірі халық саны және жеке тұлғалардағы автокөліктер санының өсуі. Осы мақалада жол қозғалысы қауіпсіздігін зерттеу әдістері қолданылып, Шығыс Қазақстан облысы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігінің жағдайын анықтайтын негізгі көрсеткіштерге талдау жүргізілді, сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігінің жағдайын көліктік және әлеуметтік тәуекел факторларымен бағалау мүмкіндігі қарастырылады. Зерттеу Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің 2014–2023 жылдар аралығындағы статистикалық деректері негізінде орындалды. Бұл мақалада Шығыс Қазақстан облысы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігі жағдайын бағалаудың критерийлері ретінде әлеуметтік және көліктік тәуекелдер көрсеткіштері қолданылды. Кілтті сөздер: Шығыс Қазақстан облысы, автокөлікпен қамтылу деңгейі, жол-көлік оқиғалары, көлік тәуекелі, әлеуметтік тәуекел.

Сведения · Details