Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 1,2024, с. 296-307
ТҰРМЫС-САЛТ ЕРТЕГІЛЕРДЕГІ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ КӨРІНІСТЕРІ
Аннотация · Abstract
Мақалада тұрмыс-салт ертегілердегі ұлттық дүниетаным көрісіндегі туралы сөз қозғалады. Қазақ рухани мәдениетінің қалыптасуы мен дамуында ертегілердің де өзіндік орны бар. Мәдени мазмұнның өлшемі адамның ежелгі заманнан бастап прогреске дейінгі эволюциясы ретінде қарастырылады, сонымен бірге әртүрлі қоғамда мәдени айырмашылықтар әр түрлі түсіндіріледі. Қоғам өркениет белгілері жағынан неғұрлым күшті болса, соғұрлым мәдени дамуы да прогрессивті болады деп түсінуге негіз бар. Нақты тақырыптарға терең үңілмес бұрын, тұрмыс-салт ертегілерінің көркемдігі мен мәдени маңызын бағалау маңызды. Ертегілер табиғат әлемінің сұлулығын және адам өміріндегі күрделілігін жеткізетін терең эмоцияларға және жарқын бейнелерге толы болды. Адамдар өз өнері арқылы терең моральдық және философиялық шындықтарды жеткізу үшін табиғи әлемнің метафораларын қолданды. Зерттеп-зерделеп отырған мақаламызда зерттеу нысанына алынып отырған ертегілердің ұлттық мәдениеттің лингвомәдени бағыттағы дамуына қосқан өзіндік үлесі талданып, тіл мен мәдениеттің өзара байланысы жаңа қырынан ашылады. Мақаланың қорытынды бөлімінде негізгі бөлімге тұжырымдама жасап, нақты талдаулар арқылы қорытынды ой ұсынамыз. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі бірқатар ізденістерге де шолу жасап, өзіндік бағамызды береміз. Тіл мен мәдениет тұрғынан зерттелінетін тұрмыс-салт ертегілерінің дүниетанымдық ерекшелігін анықтаймыз. Халықтың ең негізгі этникалық бірлігі – дүниетаным. Осыны ескерсек, біздің зерттеу нысанымыздың құндылығы анықтала түседі. Маңыздысы, бұл құндылықтар қазіргі қоғамда да өзекті болып қала береді. Кілтті сөздер: әдебиет, ертегі, фольклор, дүниетаным, қазақ әдебиеті, шығармашылық, мәдениет, руханият.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/gnqh4983
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0