Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 2,2025, с. 74-87
"ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН РАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНДЕГІ ТАБИҒАТ ПЕН ЛАНДШАФТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫН ВЕРБАЛДАНДЫРУ ТӘСІЛДЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ-САЛҒАСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ "
Аннотация · Abstract
"Мақалада қазақ және ағылшын тілдерінің фразеологизмдеріндегі табиғи құбылыстар мен ландшафтты вербалдандыру тәсілдерін анықтау және салыстырмалы-салғастырмалы зерттеу әрекеті жасалды. Ғылым дамуының қазіргі кезеңінде дәстүрлі ұғымдар мен құбылыстарды қайта қарау, кеңейту жиі кездеседі. Бұл тіл де ерекшелік емес. Тілде көрініс табатын қазіргі жаһандану және мәдениетаралық өзара әсер ету процестері аясында табиғи құбылыстардың атауын қамтитын фразеологиялық бірліктер зерттеуге ерекше қызығушылық тудырады, өйткені бұл құбылыстар тілдің ұлттық құрамының ең көне қабаттарына жатады және мәдени тұрақтылардың сабақтастығын білдіреді. Табиғат адам әрекетінен тәуелсіз болғандықтан құбылыстар мен олар туралы халықтың идеяларын зерттеу маңызды және қызықты, өйткені олар белгілі бір халықтың әлемінің тілдік көрінісінің ұлттық және мәдени аспектілерін көрсетеді. Зерттеу мақаласында отандық және шетелдік тіл білімі саласындағы фразеологиялық вербалдандыру және оның түрлері, әлемнің фразелогиялық бейнесі сияқты ұғымдарды зерттеген ғалымдардың ғылыми еңбектеріне шолу жасалды. «Табиғат пен ландшафт құбылыстарын» вербалдайтын фразеологиялық бірліктер деп деп біз кез-келген құрылымдық-синтаксистік типтегі сөздердің салыстырмалы түрде тұрақты, қайталанатын номинативті тіркесімдерін түсінеміз, өрнектің идиомалық сипатына ие және оның құрамында аспан денелері мен атмосфералық табиғат пен ауа-райы құбылыстарының атауына оралатын компонент бар. Мақаланың тәжірибелік бөлігінде зерттелген екі тілдің фразеологиялық бірліктерін талдау барысында қазақ және ағылшын тілдеріндегі 350 бірлік үздіксіз іріктеу нәтижесінде тандап алынды. Салыстырмалы-салғастырмалы әдісті қолданылып, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтай отырып, екі тілде фразеологиялық бейнелеу әдістері қарастырылып, топтарға жіктелді. Кілтті сөздер: вербалдандыру, фразеологизмдер, табиғи құбылыс, ландшафт, әлемнің тілдік бейнесі. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/gnpr6481
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0