Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 4.2024, с. 170-182

«ГҮЛІСТАН БИТ ТҮРКІ» ЕСКЕРТКІШІНІҢ СИНТАКСИСТІК ЕРЕКШЕЛІГІ

А. С. Зинедина, А. Ф. Зейнулина, К. А. Кусманова

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада шағатай тілінде жазылған «Гүлістан бит Түркі» ескерткішіне синтаксистік талдау жасалады. Зерттеу сөз тәртібі, инверсия, жай сөйлемнің құрылымы сияқты мәтіннің синтаксистік ерекшеліктерін анықтауға және жүйелеуге бағытталған. «Гүлістан бит Түркі» ескерткішінің синтаксистік ерекшелігін зерттеу тарихи мәнмәтінде сақталған элементтерді, синтаксистік құрылымдардың эволюциясын анықтауға мүмкіндік береді. Сол себепті қазіргі қазақ тілінің синтаксистік құрылымының, оның ішінде поэтикалық синтаксистің тарихи сипатын анықтау үшін ерте, орта ғасырдағы ескі қазақ тілінің сөз, сөйлем түзілімін зерттеу маңызды. Зерттеудің мақсаты – «Гүлістан бит Түркі» ескерткішіндегі жай сөйлемдерге синтаксистік талдау жүргізу. Сонымен қатар жазба мәтіндегі стилистикалық және грамматикалық ерекшеліктерді анықтау арқылы шағатай тіліндегі синтаксистік модельдердің күрделілігі мен алуан түрлілігін көрсету. Жай сөйлемнің түрлері мен сөйлем құрамындағы тілдік бірліктердің байланысу амалдары қарастырылады. Нәтижесінде, сол кезеңдегі әдеби тілге тән негізгі синтаксистік құрылымдар анықталды және олардың мәтіндегі функционалдық рөлдері талқыланды. Аталған мақсатқа жету үшін тарихи-салыстырмалы, синтаксистік талдау, компонеттік талдау әдістері пайдаланылды. Зерттеу жұмысының нәтижелері тілтанушы, әдебиеттанушы, мәдениеттанушы, түркітанушы т.б. гуманитарлық сала мамандарына қосымша құрал бола алады. Кілтті сөздер: шағатай тілі, тарихи синтаксис, синтаксистік модель, Гүлістан бит Түркі, жай сөйлем, сөйлем синтаксисі.

Сведения · Details