Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2020, с. 189-202

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІҢ КРИТЕРИАЛДЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Ардах Ризабековна Ерментаева, Шолпан Оралгалиевна Орынгалиева

Аннотация · Abstract

"Берілген мақалада болашақ педагогтердің тұлғалық дамуының өзекті мәселелерінің бірі – психологиялық құзіреттіліктің ғылыми- әдістемелік негіздері баяндалған. Қазіргі кезде педагогтің кәсіби қызметінің жетістігі оның психологиялық құзіреттілігінің дамуымен анықталады. Психологиялық құзіреттілік болашақ педагогке жалпы психологиялық дайындықты ғана емес, сонымен қатар, кәсіби өзін-өзі танудың жоғары деңгейін, өзінің психикалық күйін басқара білуді қамтамасыз ететін білім, білік және дағдылар жүйесі ретінде қарастырылады. Авторлар психологиялық құзіреттілікті қалыптастырудың негізгі көрсеткіштері ретінде өзін-өзі және психикалық жағдайды реттеу мәселелерін қарастырған. Шетелдік және отандық әдебиеттерге шолу жасай отырып, аталған мәселенің ғылыми мазмұны айқындалады. Психологиялық құзіреттілік құрылымы өзара байланысты және өзара тәуелді элементтер жүйесі: интериоризацияланған психологиялық білім, өзекті психологиялық дағдылар, конструктивті стратегиялардың жеке қасиеттері және өзін-өзі реттеу функциясын жүзеге асыратын субъективті бақылау және педагог қызметінің бірыңғай жеке стиліндегі компоненттерді біріктіру ретінде түсіндіріледі. Болашақ педагогтердің психологиялық құзіреттілігінің көрсеткіші ретінде өзін-өзі реттеу және қарым-қатынасын анықтаудың эксперименттік зерттеулер нәтижелері келтірілген. Психодиагностикалық зерттеу әдістерінің көмегімен болашақ педагогтердің өзін-өзі реттеу, қарым-қатынастың мағыналық деңгейлері және мінез-құлық стильдері анықталады. "

Сведения · Details