Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2021, № 1.2021, с. 75-85
"Н. ҚАМИ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САНА КӨРІНІСТЕРІ"
Аннотация · Abstract
"Мақала жазушы Нұрлан Қами шығармашылығына қатысты жазылған тұңғыш ғылыми зерттеу болғандықтан суреткер шеберлігіне, жазушы шығармаларының көркемдік ерекшеліктеріне басты назар аударылды. Жазушы шығармалары қазіргі кезеңнің әдеби-қоғамдық беталысын бейнелеуге ұмтылған. Әсіресе кейіпкердің ішкі әлемін бейнелеуде қолданатын көркемдік әдістері мен шығармаларындағы жатсыну мәселесі арнайы сөз етіледі. Адамның шатасқан санасымен бетпе-бет келгенде болатын кейіпкерлердің жан шошынысын, психологиялық дәлдікпен беретін тұстарын әлемдік жазушылар Э. Хемингуэй, Ш. Айтматов шығармаларымен салыстыра талдау әдісі қолданылады. Адaмның eкі ұдaй күй кeшуін, aдaмның ішкі әлeміндeгі сeзім мeн күштepдің бaс көтepуін суpeткepлік шeбepлікпeн, психологиялық тереңдікпен суреттеген. Нұрлан Қами кeйіпкepінің мінeзін бaяндaп, құpғaқ тaныстыpмaйды, образдарын оқиғa жeлісінeн тaнимыз. Жазушы шығармашылығын психологизм тұрғысынан зерделеп, жан-жақты салыстыру мен талдаулар нәтижесінде қаламгер прозасының идеялық-көркемдік ізденістеріне бүгінгі күн тұрғысынан баға беріп, жазушы туындыларындағы замандас бейнесі сөз болады. Шығарма соңын біз күтпеген бағытта тосын шешіммен аяқтап, жазушы оқырманды интеллектулдық тартысқа шақырған өзіндік тәсіл қолданады. Мақалада жазушының «Шал» әңгімесі тақырыптық, композициялық, поэтикалық тұрғыдан талданып, кейіпкеріне психологиялық анализ жасалады. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/gnan2952
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0