Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2020, № 3.2020, с. 409-419
ХІХ ғасыр қазақ әдебиетіндегі экзегетикалық дәстүр
Аннотация · Abstract
"Берілген мақалада ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі экзегетикалық дәстүрдің ерекшелігі мен жеке шығармашылық ақындардың дастандарына әсері туралы айтылады. Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуде әдеби мұрадағы дін негіздерін насихаттау, түсіндіру бағытындағы шығармалар ұзақ жылдар бойы қисынсыз айыпталып, шетқақпайланып, көркемдік өрістегі елеулі бағыт мәнінде ғылыми айналымға тартылмай келеді. Мәселені түбегейлі зерделеуге кезеңдік саяси-идеологиялық ұстанымдар елеулі ықпал етті. М. Әуезовтың ХІХ ғасыр әдебиетін экзегетикалық тұрғыдан зерделеуі де қарастырылады. Бұл мақаланың негізгі мақсаты қазақ әдебиетінің тарихындағы мейлінше өнімді шығармашылық дәуір – ХІХ ғасырдағы әдеби мұраның өзекті мазмұнын құраған экзегетикалық дәстүрді тарихи алғышарттар, көркемдік негіз, ұстанымдар ауқымында тануды ғылыми зерттеуге тарту қисындарын пысықтау бағыттарымен айқындалады. Қазақ әдебиетінің бай мазмұндағы елеулі желі – діни-ағартушылық бағыттың ХІХ ғасырдағы көркемдік өрісі тұрғысында тың пайымдаулар жасалған. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/gmbi4219
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0