Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2020, № 3.2020, с. 33-41
ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА ӨТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ОРФОГРАММАСЫ
Аннотация · Abstract
Мақалада латын графикасына өту жағдайындағы кірме сөздердің орфографиялануы жайында сөз болады. Қазақ әліпбиін латыннегізді графикаға көшіруде қазақ жазуында ұлттық тілдің ерекшеліктері мен заңдылықтарының айқын көрініс табуына, тілдің дыбыстық қор әлеуетінің қамтылуына айрықша назар аударылады. Кирилл әріптерін жаңа әліпби бойынша қазақтың айтылым заңдылығына сәйкес икемдеп жазу қазақ тілінің табиғи қалпын сақтауға мүмкіндік береді. Шеттілдік сөздерді өзіміздің дыбыстық жүйемен, өзіміздің жазба тіл жүйесімен тілімізге сіңіру, игеру арқылы ұлттық болмысымызды сақтаймыз. Бұл орайда жаңа әліпбиді үйренудің де, өз дәрежесінде үйретудің де маңызы өте зор.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/gles5779
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0