Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 3,2025, с. 105-117

КОД АУЫСТЫРУДЫҢ ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ЛИНГВИСТИКАДА ЗЕРТТЕЛУІ

М. К. Ахметова, П. Ғ. Абенова

Аннотация · Abstract

Мақалада заманауи әлеуметтік лингвистиканың негізгі зерттеу нысаны болып саналатын код ауыстыру мәселесі қарастырылды. Отандық және шетелдік әлеуметтік лингвистика ғалымдардың осы тақырыпқа қатысты көзқарастары, терминге берген анықтамалары салыстырмалы түрде талданды. Қазіргі тіл білімінде әртүрлі критерийлерге негізделген қостілді сөйлеушілердің топтары мен тілдерді кезектесіп қолдану барысында сөйлеушінің миында орын алатын тілдік стратегиялар сипатталып, оларды түсіндіретін ғылыми көзқарастар сараланды. Код ауыстыруға әсер ететін факторлар лингвистикалық және экстралингвистикалық болып екіге бөлініп, олардың әрқайсысына сипаттама жасалды. Сонымен қатар код ауыстыру теориясында қарастырылатын код, субкод, интерференция және билингвизм секілді ұғым-түсініктердің дефинициясы беріліп, тіл теориясындағы түрлі тұжырымдар ұсынылды. Код ауыстыру лингвистикалық жағынан жеткілікті деңгейде қарастырылғанымен, психолингвистикалық тұрғыда ізденістерді қажет ететіні анықталды. Бұл құбылысты тереңдеп тануға бағытталған психолингвистика аспектілері сөйлеушінің психологиялық-биологиялық жағдайы, көңіл күйі, тілдік ортасы секілді факторлармен байланысты қарастырылды. Код ауыстыруға қатысты ғылыми зерттеулерді саралай келе, қазақ лингвистикасында тіларалық қатынастарды ішкі және сыртқы лингвистика тоғысында зерттеудің маңызды әрі өзекті екені анықталды. Бұл өз кезегінде әлеуметтік лингвистикадағы код ауыстырудың теориялық және практикалық тұрғыларын дамытуға үлес қоспақ. Кілтті сөздер: код ауыстыру, әлеуметтік лингвистика, қостілділік, билингвизм, билингв, интерференция.

Сведения · Details