Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2025, № 1.2025, с. 207-220

КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ЖЕТІЛУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

Н. Б. Кайсанова, Ж. Т. Конурбаева

Аннотация · Abstract

Мақалада цифрлық жетілу ұғымы және оны бағалаудың әдістемелік негіздері қарастырылады. Цифрлық жетілу – бұл компанияның заманауи технологияларды енгізу және пайдалану арқылы бизнес-процестерді оңтайландыруға, инновациялық шешімдерді қолдануға және нарықтық жағдайларға икемделуге қабілеттілік деңгейін сипаттайтын маңызды көрсеткіш. Мақалада цифрлық жетілудің әртүрлі деңгейлерін сипаттау үшін қолданылатын негізгі тәсілдер мен көрсеткіштер жүйеленген. Мысалы, ODMM (Open Digital Maturity Model), Digital Maturity Index (DMI), Digital Maturity Model (DMM), сондай-ақ International Institute for Management Development (IMD) және Cisco әзірлеген Digitization Piano модельдері талданады. Бұл модельдер ұйымның цифрлық жетілуін бағалау үшін қолданылатын негізгі категориялар мен өлшемдерге негізделген. Бағалау салаларына стратегия мен көшбасшылық, цифрлық мәдениет, IT-мүмкіндіктер, клиентке бағдарлану, инновациялар, процестер мен құрылымдық өзгерістер кіреді. Әр модельдің ерекшеліктері, оның қолдану аясы мен кәсіпорынның дамуына қосатын үлесі көрсетілген.Мақалада цифрлық жетілуді бағалаудың әдістемелік құралдары кәсіпорындарға жаңа цифрлық технологияларды енгізу арқылы процестерді оңтайландыру, шығындарды азайту және клиенттердің қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу үшін қолданылады. Зерттеу нәтижелері цифрлық трансформация процесінде ұйымдарға олардың күшті және әлсіз жақтарын анықтап, даму жол картасын құруға көмектеседі. Кілтті сөздер: цифрлық жетілу, цифрландыру, жетілу модельдері, цифрлық трансформация, бизнес-процестер, цифрлық технологиялар.

Сведения · Details