Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2022, № 2.2022, с. 299-309
ШЕТЕЛДЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК ҚАЛДЫҚТАРЫНАН (ҚАМЫС, САБАН ЖӘНЕ Т.Б.) ЭНЕРГИЯ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУЫ
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада аралас отын брикеттерін өндіру арқылы ауыл шаруашылығы қалдықтары мен қамысты қайта өңдеу мүмкіндігі талданады. Қазақстан Республикасында өте үлкен аумақтарды алып жатқан, ыстық ауа райында ауыр өрттерге, сондай-ақ аумақтың батпақтануына әкелетін қамысты тоғайлар үлкен проблема туғызады. Ауыл шаруашылығының негізгі қалдықтарының бірі – қамыс пен сабан. Бұл қалдықтар көміртегінің жоғары мөлшерімен сипатталады. Осыған байланысты қалдықтарды тауарлық өнімге қайта өңдеу бойынша шағын және орта ықшам өндірістерді дамыту өзекті болып отыр. Жұмыста сабан сияқты ауыл шаруашылығы қалдықтары қосылған қамыстан жасалған отын брикеттерінің энергетикалық сипаттамаларына талдау жасалды. Патенттік іздестіру және әдебиеттік шолу жүргізілді, оның талдауы нәтижесінде таңдап алынған мәселе бойынша зерттеу жүргізудің орындылығы анықталды, бұл ауыл шаруашылығында қамыс пен ауыл шаруашылығы қалдықтарынан алынған брикеттерді пайдаланудың артықшылықтарына байланысты.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/ghap5366
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0