Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2020, № 3.2020, с. 369-375
ЫБРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ЖАЙЫНДА
Аннотация · Abstract
"Ұлы ұстаз тек ағартушылық қызметпен ғана шектеліп қалмай, халық басына төнген қауіп-қатер, нәубет жайында сол кездері шығып тұрған газеттерге хат-хабар, мақалалар жазып, елін қалай да сол қиындықтардан аман алып қалу қамын да жасаған. 1868 жылғы «Уақытша Ереженің» қазақ халқына әкелген қасіретін айтып 1872 жылы Торғай облысы әскери губернаторының атына хат жолдаған да ұлы ұстаз еді. 1880 жылдардағы ашаршылықта ұясын қорғаған қарлығаштай шырылдап, «Оренбургский листок» газетіне қайта-қайта мақала жазып, халқын аман алып қалудың бар амалын қарастырған да Ыбырай болатын. Жеріміздің тұтастығын, еліміздің бірлігін ойлап, тәуелсіздік үшін күрескен тұлғаларымыздың да бастауында Ыбырай Алтынсарин тұр. Мақалада Ы. Алтынсариннің 1889 жылдан бастап жер мәселесі жөнінде жазып, қарашекпенділердің елімізге келе бастауы жайлымдық жерлерді тарылтқанын алғаш айтқаны баян етіледі. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/gdjw5195
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0