Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 4, 2025, с. 241-256
М. ЖҰМАБАЕВТЫҢ «ШОЛПАННЫҢ КҮНӘСІ» – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІМЕН ҮНДЕСТІРЕТІН ШЫҒАРМА
Аннотация · Abstract
Осы мақалада көрнекті қазақ жазушысы Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» атты әңгімесінің көркемдік әлемі талданып, мәтінді құрудың негізгі принциптері, әңгіме поэтикасының психологиялық аспектілері, шығармадағы әйел бейнесінің (Шолпанның) ұлттық мінездері мен тал бойындағы табиғи сұраныстармен арпалыс жолындағы жан күйзелістері сараланады. Шығарма авторының дүниетанымына әсер еткен тарихи-әлеуметтік факторлардың жазушының шығармашылық шеберлігімен тығыз байланыста қарастырылады. Мақалада жазушының кейіпкерлердің психологиялық толғаныстары мен көңіл-күй әуендерін берудегі жаңашыл қолтаңбасы, Шолпанның туа біткен табиғаты, дәстүрлі тәрбиеден алған әдеп-ибасы, жас әйелге тән күрделі психологиялық ахуалы, оны жазушының кейіптеу ерекшеліктері зерттеледі. Шығарманың басты кейіпкерлерінің (Шолпан мен оның күйеуінің) «күнә» концепті жөніндегі түсініктері. «Күнә» концептінің сол дәуірдегі қазақ қоғамындағы түсінік аясы және оның бүгінгі қоғам үшін де өзекті проблема екендігіне назар аударылады. Мағжан Жұмабаевтың шағын әңгімесіндегі басты кейіпкердің әлемдік әдебиет туындыларындағы тағдырлас басқа әйел кейіпкерлерінен болмысы мен мінезі тұрғысынан өзгеше екені салыстыру барысында анықталады. Қаламгердің әйел психологиясын бейнелеуіндегі суреткерлік қолтаңбасы ашып көрсетіледі. Жазушының дәстүрлі қазақ қоғамындағы «күнә» концептін кейіпкерлер тағдырымен астастыра отырып ашудағы жаңашыл қадамы мен көркемдік шешімі сараланады. ХХ ғасырдың басында Қазақ әдебиетінде Мағжан Жұмабаев сомдаған Шолпан бейнесі ұлттық ерекшелігімен ғана емес, жалпы адамзаттық мәселені көтеруімен де құнды. Бұл – бүгінгі күні де өзектілігін жоймаған аса маңызды тақырып. Тақырыпты зерттеу барысында дәстүрлі ғылыми сипаттама және семантикалық, сапалық, талдау-жинақтау, салыстыру әдістері қолданылады. Кілтті сөздер: әйел психологиясы, әйел бейнесі, қазақ әдебиеті, драма, психологиялық шығарма, жан әлемі, ұлттық мінез.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/gdcj3043
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0