Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2020, № 4.2020, с. 185-194
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҒЗА ДОНОРЛЫҒЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Аннотация · Abstract
Берілген мақалада ағза мүшелерінің трансплантология барысында туындайтын донор мен реципиент арасында құқықтық-этикалық мәселелер қарастырылған. Тірі донор мен реципиент арасындағы биоэтикалық принциптердің сақталу деңгейі және трансплантациядан кейінгі донордың әлеуметтік жағдайы мен қоғамға қайта орнығу процессі талданған. Мақаланың мақсаты – донор мен реципиент арасындағы құқықтық-этикалық мәселелерді талдау және қоғамды ағза донорлығына қатысты 2020 жылдың 7 шілдесінде Қазақстан Республикасының ұсынған № 360–VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» заң жобасына жүргізілген социологиялық талдау нәтижелері арқылы ақпараттандыру. Себебі, әр түрлі ақпарат құралдарында таралған, «кез-келген қайтыс болған адамның органдары медицина қызметкерлері тарапынан алынады» сынды қауесеттер, этикалық нормаларға қайшы және қоғамда адамдарда донорлыққа қарсы теріс көзқарас қалыптастыруда. Аталмыш мақала ағза донорлығына қатысты қоғамдық пікірдегі қайшылықтарды шешуге, ағза донорлығына қатысты қоғамда оң түсінік қалыптастыруға, сондай-ақ реципиент-донор-дәрігер-қоғам арасында туындайтын биоэтикалық қайшылықтарды түсінуге және оның жолдарын шешуге арналған.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/gbvw5900
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Humanities series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0