Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series, 2025, № 2,2025, с. 358-375
ВАРИАЦИЯЛЫҚ ИТЕРАЦИЯ ӘДІСІН СЫЗЫҚТЫҚ ЕМЕС ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШУГЕ ҚОЛДАНУ
Аннотация · Abstract
Мақалада вариациялық итерация әдісі дифференциалдық теңдеулерді, оның ішінде сызықтық және сызықтық емес есептерді жуықтап шешу үшін қолданылады. Әдістің негізгі идеясы қарастырылып отырған дифференциалдық теңдеуді белгілі бір функционалмен байланыстырып, функционалды минимизациялау есебіне келтіруге негізделген. Содан кейін қарастырылып отырған есеп итерациялық әдістің көмегімен шешіледі. Сонымен бірге әрбір итерациялық қадамда шешім жақсартылып отырады, әсіресе сызықтық емес дифференциалдық теңдеулерді шешуде. Шешімнің жинақтылығын арттыру мақсатында шектеулі вариация және түзету (коррекция) функционалы ұғымдары қолданылды. Жұмыста коррекция функционалы берілген дифференциалдық теңдеудің шешімін жақсартатын иатерациялық түзету формуласы ретінде қарастырылды. Ал коррекция функционалына енгізілетін Лагранж көбейткіші берілген дифференциалдық теңдеудегі сызықтық емес мүшені есепке алу үшін енгізілді. Тұрақты немесе функция түрінде анықталатын Лагранж көбейткішін табу вариациялық итерация әдісінің негізгі өзекті мәселесі. Лагранж коэффициенті коррекция функционалын минимизациялау үшін қажет. Ол жуық шешімдер тізбегінің аналитикалық дәл шешімге тезірек жинақталуына айтарлықтай әсер етеді. Мақалада Лагранж көбейткішін анықтау үшін вариациялық принцип қолданылды. Вариациялық итерация әдісінің нәтижелері мен шектеулері сызықтық және сызықтық емес дифференциалдық теңдеулердің жуық шешімдерін табуда нақты мысалдарды талдау арқылы қарастырылды. Кілтті сөздер: вариациялық итерация әдісі, коррекция функционалы, Лагранж көбейткіші, шектеулі вариация, дифференциалдық теңдеу.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/fzph8990
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0