Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2025, № 4,2025, с. 327-339

КҮН ПАНЕЛЬДЕРІНІҢ СИПАТТАМАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ

А. С. Расмухаметова, К. С. Олжабаева, Ж. Г. Қазыбек, А. Е. Нұрғали, Н. А. Нұрқасен

Аннотация · Abstract

Ұсынылған мақаланың негізгі мақсаты – қолданылатын фотоэлектрлік жүйелердің түрлері мен олардың құрамдарына, негізгі блоктар мен фотоэлектрлік қондырғылардың жұмыс жасау принциптеріне зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Мақалада күн батареяларының вольт-амперлік сипаттамасы және сондай-ақ жүктеме сипаттамасы жасалған. Сонымен қатар, 400 Вт күн панелінің вольт-амперлік сиппатамасының анықтау нәтижелері келтірілген және белгілі бір күн панелінің оңтайлы жүктемесін модельдеу, вольт-амперлік сипаттамасын зертханалық зерттеулер нәтижесімен салыстыру толыққанды жүргізілген. Зерттеу барысында алынған шамалар негізінде күн батареясының элементтерінің вольт-амперлік сипаттамасы құрылған болатын. Осының арқасында фотоэлектрлік компоненттің қуатын бағалауға жақсы мүмкіндік туындайды. Фотоэлектрлік жүйелерді жобалау кезінде алдын-ала модельдеу фотоэлектрлік жүйенің жұмысының әртүрлі конфигурация жағдайын қарастыруға, энергетикалық тиімділікті арттыру үшін технологиялық шешімдерді модельдеп алуға жол ашады. Модельдеу үшін қолданылатын арнайы бағдарлама Matlab Simulink қосымшасы арқылы жүзеге асырылды. Әзірленген модель температура, жарық, сәулелердің түсу бұрышы, фотоэлементтердің деградациясы секілді әртүрлі факторлардың әсерін зерттеуге, сондай-ақ вольт-амперлік сипаттамасының (ВАС) және ватт-волттік сипаттамасының (ВВС) графиктерін құру арқылы фотоэлементтің жұмысы туралы толық әрі көрнекі түсінік алуға мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: монокристалды күн батареясы, гибридті фотоэлектрлік инвертор, жүктеме, вольт-амперлік сипаттама, жартылай өткізгіш.

Сведения · Details