Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 3,2025, с. 304-315
ПОЭТИКАЛЫҚ МӘТІНДЕГІ МЕТОНИМИЯЛАРДЫҢ ТІЛДІК ТАБИҒАТЫ
Аннотация · Abstract
Мақалада тілдің қолданылу аясының кеңдігін танытатын құбылыстың бір түрі болып табылатын метонимиялардың поэзиядағы тілдік табиғаты жәнекөрк емдік бейнелілігі қарастырылған. Сонымен бірге поэзиядағы метонимиялардың ықшамдылық және ойды нақты, дәл жеткізу үшін қолданысы көрініс тапқан. Метонимия алмастырып, құбылтып жұмсай отырып, сөздің қуатын таныта түседі. Жалпы, ақындар поэзиясындағы метонимиялардың мағыналық сипаты, поэтикалық тіл мүмкіндігінің кеңдігін танытады. Метонимия көркем әдебиет стилінде тек жеке сөз түрінде ғана емес, тұтас бір орам, тіркес болып та келіп отырады. Мұндай орам түріндегі метонимияның мағынасы да жалпы контекстен аңғарылады. Метонимияның өзіндік осы ерекшеліктеріне байланысты, ол өзге стиль түрлерінің көбінде қолданылмайды. Метонимияның табиғаты, оған тән сипат-ерекшелік көркем әдебиет стилінде ғана жан-жақты, толық көрінеді. Келтірілген өлең жолдарындағы қолданылып отырған сөздер, ой жалғастығын, тіл ұшқырлығын көрсетеді. Поэтикалық мәтінде ақындар қолданған метонимиялар адамның ішкі әлемімен, қоғамның барлық құбылыстарымен байланыста ашылып, ақын көзқарасымен ұштасып, көркем сөйлеудің тағы бір ұтымды құралы ретінде ашылған. Метонимия контексте басқа сөйлемдермен ұштасып, ойды толық жеткізуге, оқырманға түсінікті болуға мүмкіндік береді. Ақындар көркем шығармада метонимияны жиі қолдануға тырысады. Себебі шығарманы әсерлі, мазмұнды етіп тұратын да метонимия. Кілтті сөздер: Стиль, метонимия, көркем бейне, лингвистикалық, окказионал.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/fspt2576
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0