Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 1.2025, с. 362-378
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНҢ ҚХР-ДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ДАМУЫНДАҒЫ ОРНЫ
Аннотация · Abstract
Абайдың рухани мұрасы қазіргі таңда тұтас адамзаттың рухани қазынасына айналып отыр. Абай есімі дүниежүзі халықтары әдебитінің биік шыңындағы Шекспир, Пушкин, Гетелермен қатар тұрады. Абай – қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған ұлы тұлға екендігі бүгінде әлемге әйгілі шындық. Абайдың ағартушылық идеялары мен Абай мектебі ҚХР-дағы жазба әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына үлкен ықпал етті, Абайдың ағартушылық идеялары тәлім-тәрбиемен қатар жүреді. Ол еңбек тәрбиесін-оқу мен білім алудың негізі деп түсінді. Абай жастарды жалқаулыққа салынбай, ғылым-білімді меңгеруге үндеді. Абайдың ағартушылық идеялары Қытай қазақтарының ғылым-білім үйренуіне үлкен жол ашты, Әсет Найманбай, Таңжарық Жолдыұлы, Көдек Маралбай, Жүсіпбек Қожа Шайықсылам Асқар Татанайұлы, Омарғазы Айтанұлы, Мағаз Разданұлы, Құрманәлі Оспанұлы, Боздақ Дүрбенбетұлы қатарлы ҚХР-дағы Қазақ жазушылары Абай мектебінен сусындаған, Абай және оның шығармалары ҚХР-дағы қазақ әдебиетшілерімен тығыз байланысты болып, оларға тікелеи ықпал жасаған, Абай шығармалары ҚХР дағы қазақ әдебиетінің дамуында орны бөлек болып саналады. Абай шығармашылығының Қытай қазақтарының рухани-мәдени өркениеттік кеңістігін қалыптастырудағы орны мен үрдістерін әдеби, тарихи және әлеуметтік мәдениеттік тұрғыдан талдау жасалынды. Кілтті сөздер: Абай, Абай шығармалары, ҚХР, қазақ жазушылары, қазақ әдебиеті, Әсет Найманбай, Таңжарық Жолдыұлы.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/fshk7298
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0