Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 3.2024, с. 222-241
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ ДӘЛДІК
Аннотация · Abstract
Әлихан Бөкейханның жан-жақты білімі мен қалам қуатын танытатын бір қыры – аудармашылық шығармашылығы. Сондықтан оның аудармаларын зерттеу әлихантанудың өте маңызды тармағы болып саналады. Ә.Бөкейхан – дәлме-дәл аударуға да, мәтінді ұлт тіліне бейімдеуге де шебер аудармашы. Бірақ бұл мақалада оның дәлме-дәл аудармалары туралы ғана сөз болады. Мақалада көлемі әртүрлі аударма мәтіндерді тұтас қалпында беру мүмкін болмағандықтан, олардан мысал ретінде алынған үзінділердің орысшасы мен қазақшасы салыстырылып талданады. Салыстыра талдау арқылы екі тілдегі мәтіннің мағыналық, мазмұндық, құрылымдық сәйкестіктері мен сәйкессіздіктері анықталады. Түпнұсқадағы ақпарат пен ондағы мәліметтердің аударма мәтінінде бұрмаланбай, дәл көрініс табу дәрежесі айқындалады. Ә. Бөкейхан аудармаларының дәлме-дәл аударманың басты талаптарына сай екендігін дәлелдейтін түйіндер мен тұжырымдар түпнұсқа мен аударманың бір бөлігін ғана емес, мәтінді тұтастай алып қарау арқылы жасалады. Ал аударма мәтіннің бейімделген бөлігінің түпнұсқаның мазмұны мен құрылымына, тақырыбы мен идеясына, ой желісі мен басты тұжырым-түйіндеріне еш нұқсан келтірмейтіні көрсетіледі. ХХ ғасыр басындағы аударма үлгілерінің, соның ішінде осы кезеңде аудармамен жүйелі, өнімді түрде айналысқан Әлихан Бөкейхан аудармаларының көркем және ғылыми аудармадағы дәлдікті жаңа сатыға көтергені, оның аудармаларының дәлдік коэффиценті жоғары екені дәлелденді. Кілтті сөздер: Әлихан Бөкейхан, Қыр баласы, аударма, дәлме-дәл аударма, барабар аударма, дәлдік коэффиценті, еркіндік коэффиценті.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/folo6225
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0