Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 2.2024, с. 396-407
АБАЙ СӨЗІ ЖӘНЕ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
Аннотация · Abstract
Мақалада Абай сөзінің текстологиясы лексикалық-семантикалық және синтаксистік-компаративтік мағыналық бірлік ретінде қарастырылады. Осы арада «Абай сөзі» деген сөз тіркесі ұлы ойшылдың айтқан-түйген, жазған-сызған, ұстаған-нұсқаған асыл мұрасын түгелімен қамтитынын еске сала кеткеніміз ләзім. Абай мұрасын текстологиялық тұрғыдан талдап-тексеру жұмысының әлі тиянақталып бітпегені өз алдына, оның біршама тізбеленіп-түгенделген, қолда бар, бірегей материалдарының мәтіндерін жіті қарап, зерттеп-зерделеп болған соң оларды хрестоматиялық, канондық мәтінге айналдыру жұмыстарына да дұрыс көңіл бөлген жөн. Мәселенің мәнісі мен мақсатына қарай кез келген сөзді жеке алып, оған морфологиялық, семиологиялық, лексикалық-семантикалық талдау жасауға да, дидактикалық деңгейде жалпы түйін түюге де болар еді. Алайда, алдын ала қамдаған амалың, тиянақтаулы теориялық таным-түсінігің, тәлім-тәсілің Абай сөзіне жүрмейді. Мұнда бәрі керісінше: Абай мәтіні мызғымайды, сөзі сені «сызғылайды»! «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел», – дейді Абай. Мұндайда мәтінтануды мойындамасқа ылажың қалмайды. Өкінішке қарай, мәтінтану мен салыстырмалы лингвистика қазақ әдебиеттану, тілтану ғылымдарында дамуды талап етеді. Осы мақаладағы алға қойған мақсат та – Абайдың екі өлеңіндегі екі сөзді оның басқа нұсқаларымен салыстыра қарастырып, кешенді талдау арқылы нәтижеге қол жеткізу. Кілтті сөздер: канондық мәтін, мәтінтану, салыстырмалы лингвистика, компаративистика, әдебиеттану, тілтану.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/foii8016
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0