Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2023, № 4,2023, с. 92-102
ҚАЗАҚ ТҰРМЫС-САЛТ ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ ГЕНЕЗИСІН ЗЕРТТЕУДЕГІ Е. ТҰРСЫНОВТЫҢ РӨЛІ
Аннотация · Abstract
Мақалада қазақтың көрнекті ғалымы, фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы Едіге Дәріғұлұлы Тұрсыновтың фольклортану саласындағы өзіндік орны, ерекшелігі сөз болып, ғалымның «Қазақ тұрмыс-салт ертегілерінің генезисі» еңбегіндегі әдеби-теориялық құбылыстары талданып, баяндалады. Ғылыми ойға қозғау салған туындысы тұрмыс-салт ертегілерінің басқа ертегілер түрінен кеш қалыптасты деген пікірдің қателігін дәлелдеді және барлық түркі-моңғол, сонымен қатар көптеген әлем халықтарының фольклорлық материалдарын пайдалана отырып, тарих, тіл білімі, мәдениеттану, этнография ғылымдарына сүйене отырып, фольклорды кешенді зерттеу әдісін қолданды. Фольклортанушының ежелгі дәуірдің фольклорын зерттеуінде этногенез мәселесі, сонымен қатар қазақ халқының тарихи түзілісі түркілік этногенезбен сабақтастықта қарастырылатыны қамтылған. Ғалымның қазақ тұрмыс-салт ертегілерінің генезисін алғашқы қауымдық қоғамдағы мифтік және тотемдік түсініктермен байланыста зерттегені талданады. Е. Тұрсыновтың тұрмыс-салт ертегілерінің сюжеттік құрамының толығу жолдары мен кейіпкерлер образдарын жан-жақты аша білетіндігі баяндалады. Мақалада фольклортанушы кейіпкерлер жүйесін, олардың генезисін, қызметін ежелгі дүниетанымдық көзқарастармен және тарихи өзгерістермен байланыстыра отырып зерттегені қамтылған. Едіге Тұрсыновтың аталған еңбегінде тұрмыс-салт ертегінің жанрлық ерекшелігін ғылыми дәйектілікпен анықтап беруі талданып, баяндалады.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/fnpn7149
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0