Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2025, № 2,2025, с. 161-180

ҚАЗАҚСТАННЫҢ УРАН САЛАСЫНЫҢ ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТІ

Ж. Жұман, Б. Өмірзақов, Ә. У. Хамзаева, А. Т. Макулова, Э. А. Сапарбаева

Аннотация · Abstract

Бұл зерттеу Қазақстандағы уран өнеркәсібінің қазіргі жағдайын кешенді түрде талдау, оның негізгі даму үрдістерін анықтау және қазақстандық уранның экспорттық әлеуетін әлемдік сұраныс пен экономикалық факторлар тұрғысынан бағалауға бағытталған. Қазақстан табиғи уран өндіру көлемі бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады, сондықтан оның уран саласын дамыту мен экспорттық саясатын жетілдіру маңызды мәселелердің бірі болып қала береді. Зерттеу аясында Қазақстанның уран нарығындағы орнын нығайтуға мүмкіндік беретін негізгі факторлар қарастырылып, оның бәсекелестік артықшылықтары мен кездесетін кедергілері талданады. Жұмыста экономикалық-математикалық модельдеу әдістері, статистикалық талдау, экспорттық динамиканың орташа өлшенген индекстері қолданылды. Сонымен қатар, әлемдік уран нарығының құрылымдық өзгерістері мен Қазақстанның уран өнеркәсібіне ықпалы ғылыми және публицистикалық әдебиеттерге шолу жасау арқылы зерттелді. Зерттеу барысында халықаралық ұйымдардың статистикалық деректері мен әлемдік уран нарығының негізгі ойыншыларының көрсеткіштері қарастырылды. Ядролық энергетика саласындағы жаһандық үрдістер мен геосаяси факторлардың Қазақстанның уран өнеркәсібіне ықпалы кеңінен талданды. Уран өндірісіндегі жаңа технологиялар, олардың Қазақстандағы қолданылу мүмкіндіктері, сондай-ақ экспорттық саясатты жетілдіру жолдары қарастырылды. Қазақстанның әлемдік нарықтағы позициясын нығайту үшін ұсыныстар жасалды.Қазақстанның уран өндіру, өңдеу және экспорттау саласындағы қазіргі жағдайына талдау жасалды. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның табиғи уран жеткізудегі көшбасшылық рөлін сақтап отырғаны, алайда әлемдік сұраныс құрылымындағы өзгерістер, нарықтағы бәсекелестіктің артуы және өткізу нарықтарын әртараптандыру қажеттілігі сияқты мәселелердің туындап отырғаны анықталды. Сонымен қатар, Қытай, Франция, АҚШ, Ресей сынды ірі импорттаушы елдермен ынтымақтастықтың даму перспективалары қарастырылды. Қазақстанның уран саласын дамыту және оның экспорттық әлеуетін арттыру бағытында кешенді шаралар ұсыну зерттеудің басты нәтижелерінің бірі болып табылады. Кілтті сөздер: уран өнеркәсібі, әлемдік уран нарығы, экспорт, Қазақстан, атом энергетикасы, экономикалық даму.

Сведения · Details