Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2025, № 2,2025, с. 143-160
КРЕАТИВТІ ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Аннотация · Abstract
Креативті экономика соңғы он жылдықта экономиканы әртараптандырушы күш ретінде қарастырылады. Адамдардың зияткерлік қабілеті, стандартты емес ойлау, шығармашылық қабілеттерді қолдану арқылы креативті қызметтер мен креативті тауарларды өндіру мүмкіндіктері қазіргі таңда экономиканы түрдендіруші күшке айналуда. Бұл зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасындағы креативті экономиканың және креативті экономика салаларының даму жағдайы сипатталып, креативті қызметтердің даму перспективалары қарастырылған. Креативті экономикадағы шағын және орта бизнес бірліктерінің үлесі мен қай қызмет түрінің салық түсімдері көп екені анықталды. Креативті экономиканың түрлі көрсеткіштерінің ҚР экономикасының дамуына ықпал көптік регрессия теңдеуі арқылы бағаланып, эконометрикалық модель құрылды. Модель нәтижесінде негізгі капиталға салынатын инвестициялардың теріс, ал қалған айнымалылардың оң байланысы бар екені анықталды. Қазақстан Республикасындағы креативті экономиканың даму бағыты көп жағдайда ой-сауық пен және ақпараттық технологиялар мен гейм девелопмент салаларында қарқынды дамуда. Енді креативті экономиканың тауар өндіруші және өңдеуші салаларына басымдық беру өзекті мәселеге айналып отыр. Креативті экономиканың «білім экономикасы» сипатын жан-жақты дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарының, инновациялардың, новаторлық істердің де креативті экономиканың бір бөлігі екенін түсіндіру және қоғамға сіңіру елдің «креатив» сөзін тек ақпараттық технологиялар мен өнер жағына байланыстырмай, толыққанды түсінігіне ықпал етеді. Кілтті сөздер: креативті экономика, креативті индустрия, креативті тауарлар, шығармашылық капитал, жаһандық инновациялар индексі, эконометрикалық модель.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/fhnd3783
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Economics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0