Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2020, № 3.2020, с. 12-23
МҰСТАФА ШОҚАЙ ЕСТЕЛІГІНІҢ ТІЛДІК ЖӘНЕ СТИЛДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
Аннотация · Abstract
Мақалада естеліктерді тек тарихи және әдеби жағынан ғана емес, лингвистикалық тұрғыдан да зерттеудің маңыздылығы айтылады. Өйткені естелік тілін зерттеу барысында тілдік бірліктердің түрлері, қызметі мен жұмсалу ерекшеліктері зерттеліп, автордың стилдік сөзқолданысы анықталады. Осы бағытта Мұстафа Шоқайдың «1917 жыл естеліктерінен үзінділер» атты еңбегіне лингвистикалық талдау жасалады. Алдымен естелік мәтінінде жиі кездесетін антропоним, этноним, топоним және эргонимдер талдауға түседі. Одан соң естеліктегі кірме сөздер, көнерген сөздер, атаулық мағынадағы сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, эпитеттік, синонимдік, антонимдік сөзқолданыстар, сондай-ақ кейбір морфологиялық тұлғалар және синтаксистік құрылымдардың стилдік ерекшеліктері жеке-жеке қарастырылады. Қорытындысында қазақ эмигранттары естеліктерін лингвистикалық тұрғыдан жан-жақты зерттеп талдаудың мәні зор деген тұжырым жасалады.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/fhjp8596
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0