Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 4.2024, с. 313-326
ҚЫТАЙДАҒЫ ТҮРКІ НЕГІЗДІ КӨНЕ ТОПОНИМДЕРДІҢ БҮГІНГІ ЖАЙ-КҮЙІ
Аннотация · Abstract
Еуразия құрлығын ендей өтіп жатқан, Жібек жолы бойында орналасқан, Қытайдағы қалалар мен тарихи елді мекендердің атауларына сараптаулар жүргізіліп, оның қазіргі қолданыс аясына барлау жасалды. Ұлы жібек жолы саудасы Қытайда бірнеше бағытта қатарынан іске асқан. Кейбір сақ, ғұн, үйсін, түркі дәуірінен жалғасып, бүгінгі күнге дейін жеткен жер-су атауларының тарихи, саяси себептермен басқа атауларға ауысу барысына шолу жасалды. Түркі халықтарының бұрынғы мекен еткен қоныстарындағы ежелгі қалалар мен елді мекендердің жай-күйі, олардың бүгінгі күні сақталған-сақталмағанына талдаулар жасалып, тарихи құжаттар мен ғылыми зерттеу еңбектер аясында сұрыптаулар жүргізілді. Елді мекендердің топонимдік астарына, яғни топонимдік мифтер мен топонимдік аңыздарға барлау жүргізіліп, ғылыми тұрғыдан талдау жасалды. Тақырыптың ерекшелігіне сәйкес салыстырмалы-тарихи, жинақтау, сұрыптау әдістері қолданылды. Қазіргі кезеңдегі Қытайдағы елді мекендердің тарихи атауларының жаңа атаумен қалай қолданыс тапқаны мысалдармен берілді. Кейбір жер-су атауларының бүгінгі күні жоқ екеніне, ал кейбірінің атауы бүкілдей өзгеруіне, тағы біреулердің тілдік, дыбыстық заңдылықтарға сүйене отырып, дыбыстық жағынан өзгеріп қолданысқа енгеніне шолу жасалды. Шыңжаң өлкесіндегі қазақтар шоғырланған елді мекендердің қазіргі аталу жүйесіне де зерттеулер жүргізілді. Кілтті сөздер: миф, аңыз, тарихи атау, топонимдер, мәтін, Қытай аймағы, Жібек жолы
Сведения · Details
- DOI 10.48081/fhcr1521
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0