Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2025, № 3.2025

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІ

Д.Женсхан, Г.К. Амирова, Б.Б.Қыпшакбаев, А.Танат

Аннотация · Abstract

Ауыл шаруашылығы кооперативтері (АШК) аграрлық сектордың құн тізбегінде маңызды рөл атқарады. Нақтырақ айтқанда: техникалық қамтамасыз ету, қайта өңдеу, маркетинг, жеткізу, жинау, бөлшек сауда, сервистік қызмет және басқа да ауыл шаруашылығы емес қызмет түрлерін қалыптастыруда өзіндік үлесі бар. Мақаланың мақсаты – АШК-і арқылы аграрлық сектордағы проблемаларды реттеуде жоғары нәтижелерге қол жеткізген мемлекеттердің тәжірибелерін ескере отырып, Қазақстандағы АШК-ін дамытудың негізгі бағыттарын ұсыну. Аталған мақсатқа қол жеткізу кезіне келесідей міндеттер орындалды: Қазақстан және кейбір дамыған елдердің АШТӨ-нің құрамындағы АШК-нің үлесі; ҚР бойынша АШК мүшелерінің құрамы, динамикалық өзгерістері, аталған шаруашылық субъектілеріндегі жұмыспен қамтылған қызметкерлер саны; үй шаруашылықтары мен шаруа немесе фермерлік қожалықтардың АШК-не бірігу уәждемесі мен белсенділігі; АШК-нің дамуын ынталандырушы және тежеуші факторлар. Ауыл тұрғындарының үлесі жоғары Қытай, Үндістан, Индонезия секілді мемлекеттердің АШК-ін дамытудағы тәжірибелеріне терең зерттеу жүргізілді. Аталған мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып еліміздегі АШК-ін дамыту үшін келесідей ұсыныстар жасалды:барлық облыстар бойынша АШК-іне терең зерттеу жүргізу және «жалған», «жасанды» АШК-ін ауыл шаруашылығы нарығынан тазарту; мамандандырылған АШК-ін дамыту және мемлекет тарапынан тұрақты қолдау көрсету; АШК-ін субсидиялаудың арнайы шартарын егізу; аудан орталықтары мен тұрғындар саны көбірек ауылдық округтерде АШК-ін мәртебесін арттыру және оларды насихаттау жұмыстарын нығайту, құн тізбегіндегі шектеулерді азайту; АШК-ін ауылды дамытудың драйвері ретінде мемлекеттік қолдау секілді шараларға баса назар аудару.

Сведения · Details