Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2020, № 4.2020, с. 113-121
Жануарлар төлдері атауларымен берілетін қаратпалардың аударылуы
Аннотация · Abstract
"Қазақ тіл білімінде қаратпа сөздер ХХ ғасырдың екінші жартысында ғалымдардың зерттеу нысанына ілігіп, грамматикалық (морфологиялық, синтаксистік) бағытта түбегейлі қарастырылған тілдік бірлік болып табылады. Алайда оның ұлттық ерекшелігі ескеріле отыра, аударылу жайының зерделенуі кенжелеп қалып отыр. Осы тұрғыдан келгенде жұмыстың өзектілігі көрінеді және кезек күттірмес мәселе қатарына жататыны айқындалады. Мақалада зерттеу нысаны ретінде Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке» романында ұшырасатын қаратпа сөздер, ал зерттеу пәні болып жануарлар төлдері атауларымен берілетін қаратпалардың аударылуы алынды. Мақсаты – шығармадағы жануарлар төлдері атауларымен берілетін қаратпа сөздерді жинақтап, олардың аударылу жолдары мен лингвомәдени ерекшеліктерін анықтау. Жұмысты жазу кезінде салыстыру және салғастыру әдістері, сипаттау әдісі, баяндау әдісі, лингвомәдени талдау әдісі мен тілдік деректердің сандық сұрыптау әдісі қолданылды. Олар төмендегідей тұжырым шығаруға ұйытқы болды: аударма тілтанушылар тарапынан зерттелген, анықтамасы айқындалған, теориялық негізі қаланған мәселелер қатарына жатады; қаламгер туындысында кездесетін тілдік деректер Л. К. Латышев белгілеген аударма түрлерімен саралауға болады; мәтіндегі жануарлар төлдерімен берілетін қаратпа сөздер Л. К. Латышев көрсетуіндегі аударманың калькалау, транслитерация, жуықталған (теңестірілген) аударма жолдарымен жүзеге асқан. Туындыда сипаттамалы (түсіндірмелі) аударма тәсілі пайдаланылмаған. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/ffws7844
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0