Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series, 2022, № 2.2022, с. 93-103
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация · Abstract
"Мақалада білімдер ұсынудің әдістері негізінде шешім қабылдауда интеллектуалды жүйенің ерекшеліктері мен тұжырымдамасы қарастырылады. Логикалық модельдер мен фреймге негізделген жүйелерді, семантикалық желілерді когнитивтік саладағы типтік модельдер туралы айтылады. Білімді бейнелеудің теориялық әдістерін талдау логикалық зерттеу шеңберінде жүзеге асырылады. Білімді бейнелеу моделі бірінші ретті логикалық предикаттардың есептелуі әзірленсе, білімді бейнелеудің басқада әдістері математикалық формализм негізінде көрсетілген. Берілген мақалада білімдер ұсыну ретінде семантикалық желілерді пайдаланатын эксперттік жүйелерге талдау жүргізілді. Жұмыстың мақсаты шешім қабылдау технологиясында білімдер ұсыну әдістері негізінде интеллектуалды жүйесін жасау болды. Жұмысты орындауда эксперттік жүйелерге талдау жүргізілді, білімдер ұсыну әдістері зерттелді, шешім қабылдау технологиясында интеллектуалды жүйенің бағдарламалық құралдары әзірленді. Мақалада білімдер ұсынудың әдістері мен моделдерінің ерекшеліктері зерттелді. Білімдер ұсынудың көптеген түрлері бар осылардың ішінде логикалық модельдер, фреймдер, семантикалық желі, өндіріс жүйелері, предикаттар, объектіге бағытталған бағдарламалардың қасиеттері сараптамалық жүйенің құрылымымен анықталады. Сараптамалық жүйенінің құрылымы білімді негіздеуде тікесінен сарапшы көмегімен жүзеге асырылады. Ақпараттық жүйе Delphi бағдарламалау тілі қолдайтын мәліметтер қорларының серверлік кестесі Microsoft SQL Server – ді қолданып, қажетті кесте құрастыруда оның құрылымын сипаттау, олардын арасында байланыстарды ұйымдастыру арқылы жасалды. Кілтті сөздер: логикалық модель, фрейм, семантикалық желілер, машиналық оқыту, алгоритм, интеллект."
Сведения · Details
- DOI 10.48081/fctm6109
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0