Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2020, № 3.2020, с. 97-108
Икемді дағдыларды қалыптастыру болашақ хореографтың кәсіби ұтқырлығының шарты ретінде
Аннотация · Abstract
"Мақалада жоғары оқу орындары педагогикалық үдерісінде болашақ хореографтардың икемді дағдыларын қалыптастыру мәселесі қарастырылған. Бүгінгі таңда икемді дағдылар маманның цифрлық қоғамның өзгермелі жағдайларындағы кәсіби қызметке жылдам бейімделуі және бәсекелестілігін шарты екендігіне назар аударылған.Икемді дағдылардың мәні, ерекшеліктері айқындалып, хореография саласында қызмет ететін мамандар үшін олардың маңыздылығына мән берілген. Икемді дағдылар хореограф- маманның кәсіби құзыреттілігінің ерекше мінездемесі, өзермелі әлеуметтік-кәсіби өмірлік қызметте кәсіби ұтқырлығының шарты ретінде бағаланып, оған жалпы сипаттама берілген. Икемді дағдылар нақты пәндік салаға қатысты болмағанымен, олар мамандандырылған кәсіби дағдылар және кәсіби-тұлғалық сипаттармен тығыз байланыста қалыптасатындығы және әрекет жасайтындығына мән берілген. Хореограф-маманның кәсіби ұтқырлығының негіздері жоғары оқу орныныдағы хореографиялық білім беру үдерісінде жүйелі түрде қалыптастырылуы қажеттілігіне зейін аударылған. Икемді дағдылар болашақ хореографтың кәсіби ұтқырлығын қалыптастырудың маңызды бағыты ретінде сипатталған. Икемді дағдыларды қалыптастыру жоғары оқу орныныда хореографиялық білім беру үдерісінің кәсіби ұтқырлықты қалыптастырудыағы білімдік-тәрбиелік әлеуетін зерттеу және мақсатты пайдалануды болжайтындығына назар аударылған. Болашақ хореографтың икемді дағдыларын қалыптастырудағы жаңа мүмкіндіктер қарастырылып, психологиялық-педагогикалық шарттар түрінде тұжырымдалған. Болашақ хореографтың икемді дағдылары оның еңбек нарығындағы алдағы өзгерістер және бәсекелестік жағдайындағы кәсіби іс-әрекеті тұрғысынан сипатталған. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/fabk6233
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0