Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 3,2025, с. 77-91
«МЕМЛЕКЕТ» КОНЦЕПТІСІНІҢ ЛИНГВОКОГНИТИВТІ СИПАТЫ (ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІ БОЙЫНША)
Аннотация · Abstract
Мақалада қазақ мақал-мәтелдеріндегі «мемлекет» ұғымының лингвокогнитивті сипаты қарастырылады. Зерттеу қазақ тіліндегі «мемлекет» концептісін құрайтын ассоциациялық жүйені және танымдық қабатты анықтауға бағытталған. Фразеологиялық қордың маңызды бөлігі ретінде мақал-мәтелдер мәдени құндылықтар мен нормаларды жеткізе отырып, халықтың ұжымдық тәжірибесі мен ділдік ерекшелігін көрсетеді. Қазақ мақал-мәтелдерін талдау мемлекеттің әртүрлі аспектілері – билік, сот төрелігі, әлеуметтік институттар, мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдың тілде қалай көрініс табатынын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу сонымен қатар мәдени және тарихи факторлардың қазақ қоғамындағы мемлекет туралы түсініктердің қалыптасуына әсерін көрсетеді. Сондай-ақ зерттеу мақаламызда мемлекеттілікті айқындайтын белгілер арқылы қазақ танымындағы «мемлекет» концептісінің толық бейнесі анықталады. Мемлекет болудың басты белгілеріне негізделген қазақ тілінде кездесетін паремиялар негізінде «мемлекет» концептісінің лексика-семантикалық аясы айқындалып, тілдік бірліктер сипаты талданады. Мақаланы жазу барысында концептілік талдау, компонеттік талдау, лексика-семантикалық талдау, өрістік талдау, ассоциациялық талдау секілді лингвистикалық әдіс-тәсілдер пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері қазақ тіліндегі «мемлекет» ұғымын түсіндіретін когнитивтік тетіктерді тереңдей тануға ықпал етеді. Жұмысымызда келтірілген тұжырымдар тілтанушы, этнограф, мәдениеттанушы т.б. әлеуметтік ғылымдар мамандары үшін көмекші құрал бола алады. Кілтті сөздер: «мемлекет» концептісі, концептілік кеңістік, когнитивті лингвистика, паремиология, мақал-мәтел.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/ezkt7264
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0