Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 1.2025, с. 379-389

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫҢ НАРРАТИВТІ МАҒЫНАЛЫҚ-ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Б. Т. Тлеубекова, А. Д. Ибраева, Ж. М. Бердыбекова

Аннотация · Abstract

Мақалада көркем шығарманың нарративті мағыналық-құрылымдық ерекшеліктері зерделенеді. Гуманитарлық білімнің қарқынды дамуы теориялық ұғымдарды жүйелеу барысында ғылыми ізденістерді нарратологиялық тұрғыда талдауды көздейді. Нарратор-әңгімешінің оқиғаға тікелей қатысын кейіпкер атынан баяндауы сюжет дамуындағы белсендікті арттырумен қатар, болмысын күрделендіру арқылы шығарманың эстетикалық әсерлігін көрсетеді. Көркем туындының нарративті мағыналық-құрылымдық ерекшеліктері «Қазақ солдаты» романындағы автор мен баяншы арасындағы қарым-қатынас негізінде қарастырылады. Нарративті стратегия шығарманың коммуникативтік бірлігін сипаттайды. Ол автор, әңгімеші (нарратор) және адресат (нарратор) сынды үш инстанциядан тұрады. Олардың ішінде мәтінде тікелей коммуникацияның базалық инстанциялары болып әңгімеші мен адресат танылады: біріншісі – көркем ақпараттың жіберушісі, екіншісі – оны алушы. Нарративті стратегия жазушының көркемдік әдісін көрсетеді және белгілі бір әдеби бағыттың типологиялық белгісі ретінде сараланады. Нарративті стратегияны нақты тәжірибенің материалында зерттеу әңгімелеу ғылымының теориялық жағдайын толықтыруға, тереңдетуге және орнықтыруға мүмкіндік береді. Мақалада әдебиет теориясындағы өзекті мәселелердің бірі – көркем шығармадағы нарратордың орны қарастырылады. Сонымен қатар автор туралы негізгі теориялық түсініктер мен әртүрлі көзқарастардың оқиғаға қатысы сөз етіледі, көркем мәтін мен нарративтің сюжетті дамытудағы орны талданады. Кілтті сөздер: нарратология, нарратив, баяндаушы, әңгімеші, нарративті категория, нарративті дискурс.

Сведения · Details