Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2021, с. 427-440

ИНТЕГРАЦИЯ МЕН ҒАЛАМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫН ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Д. К. Пошаев, А. К. Рыскулов, А. Е. Байбатшаева

Аннотация · Abstract

"Бұл мақалада тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамытудың құралдары мен әдістерін байыту, оқытудың, тәрбиелеудің, гуманитарлық, жаратылыстану және технологиялық білім берудің әлеуметтік және педагогикалық факторларының интеграциясын зерттеу және есепке алу, қазіргі заманның жаһандық мәселелерін педагогикалық тұрғыдан пайымдау, жаңа кезең тұжырымдамасын әзірлеу және жан-жақты негіздеу мүмкіндіктері қарастырылады. Педагогика ғылымының қоғамдық өмір сұраныстарынан артта қалуының негізгі себептерінің бірі, оқыту мен тәрбиелеу практикасы педагогикада (педагогикалық санада), педагогикалық ғылымды ұйымдастыруда және басқаруда, педагогикалық теория мен мектептің (білім беру жүйесінің) эволюциялық даму жолдарында әлеуметтік-гнесологиялық көзқарастың тамыр алып отырғанында. Сонымен қатар, педагогикалық ғылым мен практиканың дамуының үлкен, ауқымды және болжамдық «серпілістерге» алып келетін революциялық әрекетке көбіміздің даярлығымыз да болмады. Бұл, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, оның ішінде білім беру саласында революциялық қайта құру қажеттілігіне даяр болмағандығымызды айқын көрсетті. Осыны негізге ала отырып қазіргі уақытта жас ұрпақтың тәрбиелік және білім беру деңгейін түбегейлі арттырудың әлеуметтік қажеттілігі, педагогика ғылымы мен білім беру жүйесінің қазіргі даму деңгейі арасындағы ұзақ уақытқа созылған қайшылықтар күшейе түсуде. Бұл қарама-қайшылық педагогикада пайда болған, екі негізгі «ауырсыну нүктесін»: педагогикалық теорияның практикамен байланыс тетіктерінің тиімділігі және жаңа педагогикалық идеялар қажеттілігі, олардың жетіспеушілігі, педагогика ғылымында орын алатын «тоқырау» тенденцияларының көрінісін алға тартып, онан шығу жолдарын қарастырып отырмыз. "

Сведения · Details