Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2022, № 2, 2022, с. 6-19
ЖАСТАРДЫҢ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚАТЫНАСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ: АНЫҚТАМАСЫ, ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
Аннотация · Abstract
Мақалада көтерілген сұрақтардың өзектілігі, қазіргі замандағы неке және отбасы институты бастан кешіріп отырған жаһандық өзгерістерге байланысты болып отыр. Есею, қазіргі қоғамдағы бірқатар әлеуметтік-экономикалық және психоллогиялық қиындықтарға тап болуға алып келеді. Сонымен қатар, жастақ шақта адамдар неке және баланы дүниеге әкелу сияқты өмірлік маңызды шешімдерді қабылдайды. Мақалада «жастардың неке және отбасы қатынастарына дайындығы» түсінігі талданады: анықтамасы беріліп, оның құрамдас бөліктері мен құрылымы қарастырылады. Авторлар, отбасының сәтті қызмет етуінің маңызды шарты ретінде - неке мен отбасылық өмірге дайындық тұжырымдамасын оперционализациялаудың әртүрлі тәсілдерін қарастырады. Сонымен қатар, мақалада жастардың отбасылық рөлдерге және ата-ана болуға қатысты ұстанымдарын PARI (Parental Attitude Research Instrument) E.C. Шeфep мен P.К. Бeлл әдістемелерін қолдану арқылы зерттеу қортыныдысы келтірілген. PARI сауалнамасы 115 - отбасылық өмір мен ата-ана тәрбиесі туралы наным-сенімдерді қамтиды. Ол 23 шкаладан тұрады: 8 шкала отбасы рөліне (ең алдымен аналық) қатынасты сипаттайды, 15 шкала балалармен қарым-қатынасқа қатысты. Зерттеу барысында, ұстанымдарды сынауда, гендерлік айырмашылықтардың бар екендігі бекітілді. Жағдайлардың басым бөлігінде ұлдар қыздарға қарағанда жоғары көршеткіштерді көрсетті, бұл ата-аналар ұстанымында шамадан тыс қорғауға бейім екендігін және балаға шамадан тыс назар аударуға ұмтылу мен баладан жоғары эмоционалды қашықтыққа бейімділікті көрсетеді.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/eurk6779
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Humanities series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0