Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2020, № 4.2020, с. 81-95
КӘМЕЛЕТ ЖАСЫНА ТОЛМАҒАН ҚЫЗДАРДЫҢ ЖҮКТІЛІК МӘСЕЛЕСІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨРІНІСІ: ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Аннотация · Abstract
Берілген мақалада Қазақстан Республикасының өңірлерінде 2018 жылы 15-19 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдер арасында репродуктивті денсаулық, жыныстық белсенділіктері мен репродуктивті денсаулықты сақтау мен қорғауға қатысты ақпараттандырылуы жайлы әлеумететтанулық зерттеу нәтижелері көрсетіледі. Мақалада әлеуметтану, психология, әлеуметтік-психология ғылым салалары бойынша АҚШ, Ресей және Европа елдері ғалымдарының еңбектері көрсетілген. Қазақстанда 15-25 жастағы жастар мен жасөспірімдер арасында жыныстық және репродуктивті денсаулық бойынша, қолданбалы әлеуметтанулық зерттеулер жүргізетін Қоғамдық пікірді зерттеу орталы, «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеу орталығы» ҚБ зерттеу нәтижелері аталмыш тақырыптағы мәселенің өзектілігін айқындайды. Кәмелет жасына толмай жүкті болған қыздар саны зерттеу нәтижесі бойынша 294 қыз жыныстық қатынасқа түскен, оның 49 жүкті болған, оның ішінде 30 қыз кәмелет жасына толмай бала босанған, ал 11 қыз жасанды түсік жасат са, 8 қыз өздігінен түсік тастаған. Кәмелет жасына толмай жүкті болған қыздардың мәселелері толығымен зерттеуді талап етіп отырған өзекті мәселе.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/euqs9878
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Humanities series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0