Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2022, № 1.2022, с. 15-26
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ІСКЕ АСЫРУ
Аннотация · Abstract
Осы жұмыста студенттердің ғылыми құзіреттілігін қалыптастыруда жобалық оқыту технологиясының мүмкіндігі қарастырылады. Дидактикалық құралдарды негіздеу және жобалық оқыту процесінде студенттердің зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру – мақаланың мақсаты болып табылады. Мақала авторлары ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде «құзырет», «құзыреттілік» ұғымдарының анықтамаларын нақтылады. Зерттеу құзыреттілігі студенттердің когнитивтік, пәндік-практикалық және жеке тәжірибесінің күрделі синтезі ретінде әрекет ететіні көрсетілген. Зерттеу құзыреттілігінің жетекші функциялары анықталды және сипатталды. Дидактикалық құралдар және дайындық түрлеріне (теориялық, практикалық) байланысты жобалық оқытудың дамушы мүмкіндіктерін іске асыру шарттары белгіленді.Зерттеу құзыреттілігін дамыту деңгейлері айқындалып, мазмұнды сипатталған. Зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің көпшілігінде зерттеу құзыреттілігін дамыту деңгейінің төмендігі және оқуды бітіруші курс студенттерінің 25 %-ында құзыреттіліктің осы түрін дамытудың жоғары деңгейі бар екендігі анықталды. Бұл қазіргі заманғы жоғары мектеп түлектерінің көп жағдайда заманауи тез және қарқынды өзгеретін еңбек нарығында табысты қызмет етуге дайын еместігін білдіреді. Жобалық оқытудың даму әлеуетін күшейту студенттердің зерттеу құзыреттілігін қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді. Зерттеушілік білігі мен дағдылары бүгінгі күні ғылыммен айналысатын адамдарға ғана тән емес, түрлі саладағы әрбір адамның әрекетіне қажет.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/epzb5640
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0