Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2025, № 1.2025, с. 182-193

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

А. Б. Заманбекова, К. Б. Давлеткалиева, Г. Б. Молдабекова, А. Т. Мелекова, А. А. Тапалова

Аннотация · Abstract

Кәсіпкерлік – тұрақты азаматтық қоғамның негізі және барлық қазақстандықтардың әл-ауқаты оның дамуына байланысты. Кәсіпкерлік халықтың көпшілігінің экономикалық белсенділігін қолдап қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құрумен және бюджетке елеулі салық түсімдерін қамтамасыз етумен маңызды әлеуметтік рөл атқарады. Қазіргі күрделі жағдайда кәсіпкерлік тұрақтандырушы рөл атқара алады, сондықтан қоғам мен мемлекет тарапынан тиісінше назар аударуға құқылы. Әр мемлекеттің басты мақсаты – экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Экономиканың тұрақты дамуы халық шаруашылығындағы шағын және орта кәсіпорындардың үлесіне тікелей байланысты. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы орта таптың қалыптасуына, «салауатты» бәсекелестік ортаның пайда болуына ықпал етеді, нәтижесінде ел азаматтарының өмір сүру деңгейіне оң әсер етеді. Авторлар Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдаудың қазіргі жағдайы мен проблемаларын талдады. Зерттеудің негізгі мақсаты – Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдауға талдау жасау. Сонымен қатар, авторлар Қазақстанда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің даму динамикасын зерттеді. Соңында, авторлар Қазақстандағы кәсіпкерлік субъектілерін ынталандыру мен қолдаудың негізгі бағыттарын ұсынды, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту параметрлері берілді. Кілтті сөздер: кәсіпкер, экономика, мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызмет, нарық.

Сведения · Details