Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series, 2025, № 3, 2025, с. 278-293
PD-H ЖҮЙЕСІН ИНВЕРСИЯЛЫҚ ВОЛЬТАМПЕРОМЕТРИЯ ӘДІСІМЕН ЗЕРТТЕУ
Аннотация · Abstract
Жұмыста палладий-сутегі электролиттік тұнбасы инверсиялық вольтамперометрия (ИВ) әдісімен зерттелді. Палладий-сутегі тұнбасының хлоридті ортада графит электродта ультракүлгін сәулелендіру (УКС) кезінде және УКС-сіз электртотығу процесі зерттелді. Қышқыл электролиттерде –0,8–ден –1,0 В-қа дейінгі электроконцентрлеу потенциалында алынған палладий тұнбаларындағы сутегінің сорбциясы мен абсорбциясының механизмдері ИВ әдісімен зерттелді. Авраами–Ерофеев теңдеуі негізінде палладийден сутегінің электртотығу процесінің шектейтін кезеңі бағаланды. Ультракүлгін сәулелендіру палладий(II) иондары мен сутегі(I)-дің қалпына келуіне, сондай-ақ палладий тұнбасынан сутегінің десорбциясына айтарлықтай әсер ететіні анықталды. Сәулелендіру уақытына байланысты атомарлық сутегінің шығуын сипаттайтын модель ұсынылды. Абсорбцияланған сутегінің электртотығу жылдамдығы (0,063 с⁻¹) сорбцияланған сутегіден (0,015 с⁻¹) жоғары екені және оның жойылу уақыты электроконцентрлеу уақытынан аспайтыны көрсетілді. Наноқұрылымды тұнбаларда десорбция жылдамдығының жоғары екені анықталды. Алынған нәтижелер палладий-сутегі жүйелеріндегі электрохимиялық процестерді зерттеуде инверсиялық вольтамперометрия әдісінің жоғары сезімталдығы мен ақпараттылығын дәлелдеп, оны сутегі энергетикасы, катализ, сенсорика және басқа салаларда қолдануға болатынын көрсетті. Кілтті сөздер: инверсиялық вольтамперометрия, сутегі, палладий, электрохимия, адсорбция.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/epdv7420
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0