Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2022, № 3.2022, с. 297-308
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМИ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Аннотация · Abstract
"Музыкалық қабілетті дамыту – бұл студенттің табиғи бейімділікке негізделген шығармашылық деңгейінен өркендету үдерісі. Студенттердің музыкалық білімдерін өздігізіп тереңдету траекториясын оқытушы-профессор аудиторияда өткізіп кредиттік техгологиялық нұсқаулығын негізге алып, оны іске асыру үрдістері қамтылған. Бұл мақалада музыкалық мәдениеттің негіздерін, шығармашылық белсенділікті қарапайым формалардан күрделіге дейін қалыптастыру процесі ескерілді. Музыкалық даму – күрделі және көп құрамды құбылыс. Музыкалық-ырғақтық қабілет, яғни музыкалық ырғақ, адамның музыканы әуезділіктің қабылдауы-біліктілік негізіне тәуелді. Адам тыңдаудан бастап әртүрлі музыкалық әрекеттердегі әуезділіктің сарынын мазмұнын түсінетіні анықталған. Кез-келген қабілет, оның ішінде музыкалық қабілет бейімділікке негізделген. Қабілеттер – бұл дамуға бейімділік, ал даму дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан нақты бейімділіктің шекарасын анықтау өте қиын екені айтпаса да түсінікті. Бейімділік дамып келе жатқан қабілеттің белгісі болуы мүмкін немесе көбінесе сырттан қалыптасады, содан кейін адам ең оңтайлы қабілеттер жиынтығымен ерекшеліктері ашылған. Әр адамның жеке музыкалық қабілеттері ерекше үйлесімде. Олардың арасындағы байланыс өтемақы қағидаты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Дарындылық пен талант туралы айтуға мүмкіндік беретін музыкалық қабілеттердің дамуының жоғары деңгейі ақыл-ой қабілеттерінің жоғары деңгейін қамтитын кешенді нысаны. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/eotr8249
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0