Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2024, № 4.2024, с. 147-159

БЕЛГІСІЗДІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БОЛЖАМДЫ БАСҚАРУ МОДЕЛЬДЕРІН ТАЛДАУ

А. Т. Кишубаева, Н. М. Ахметжан, С. Б. Назымбек

Аннотация · Abstract

Мақалада белгісіздік жағдайында болжамды басқару модельдері зерттеледі. Зерттеу өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға және кездейсоқтықтың әсерін азайтуға бағытталған. Зерттеудің негізгі мәселесі – кездейсоқ факторлардың және орта параметрлерінің өзгеруі жайында басқару жүйелерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Зерттеу сыртқы әсер факторларының өзгерісін ескере отырып, басқару стратегияларын оңтайландыру жолдарын іздеуге бағытталған. Зерттеу барысында тиімділікті арттыру үшін математикалық модельдер мен алгоритмдер қолданылдып, белгісіздік жағдайындағы басқару жүйесі тиімділігі қарастырылды. Зерттеу нәтижелері басқару жүйелерінің параметрлеріне, өзгерістеріне қалай жауап беретінін көрсетеді. Бұл нәтижелер өндірістік және инженерлік жүйелерде басқару процестерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысымыз басқару жүйелерінде белгісіздік жағдайларында болжамды басқарудың жаңа тәсілдерін ұсынды. Бұл өндірістік және техникалық процестерді басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа нәтижелерге әкелді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, белгісіздік жағдайында басқару жүйелерінің бейімділігі мен икемділігін арттыру маңызды болып табылады. Осы арқылы басқару жүйелерінің сыртқы өзгерістерге жылдам әрі тиімді жауап беру қабілеті жоғарылайды. Мұндай зерттеулердің өндірістік процестердің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруда маңызы зор, себебі олар нақты уақытта стратегиялық шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: болжамды басқару, стохастикалық жүйелер, робастикалық жүйелер, белгісіздік жағдайы, жұмсақ шектеулер, қатты шектеулер.

Сведения · Details