Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 4.2024, с. 287-299

САЯСИ ДИСКУРСТАҒЫ СПИЧРАЙТЕРДІҢ РӨЛІ: ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СОЦИОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ (ӘБІШ КЕКІЛБАЙҰЛЫНЫҢ ӘЗІРЛЕГЕН САЯСИ МӘТІНІ НЕГІЗІНДЕ)

А. М. Махамбетова

Аннотация · Abstract

Мақала қазақтың көрнекті жазушысы, қаламгер-публицист Әбіш Кекілбайұлының қаламынан туған саяси мәтіндерді социолингвистикалық және психолингвистикалық тұрғыдан талдауға және саяси дискурстағы спичрайтер рөлінің маңыздылығын зерттеуге арналған. Қазіргі саяси жағдайда спичрайтерлердің қоғамдық пікір мен саяси стратегияның қалыптасуына әсерінің маңыздылығы күн сайын арта түсуде. Зерттеу Кекілбайұлының Елбасына арнап дайындаған кезекті бір мәтініндегі тілдік бірліктерді талдауға және оның қаламынан туған мәтіндердің қоғамдық пікір мен саяси тәжірибенің қалыптасуына ықпалын көрсетуді көздейді. Автор спичрайтердің нанымды және әсерлі мәтін жасау үшін қолданатын әдістері мен стратегияларын, сондай-ақ олардың саяси контекстерде тілдік және мәдени нормаларды бейімдеп қолданудағы және өзгертудегі рөлін талдайды. Кекілбайұлының лингвистикалық құралдарды құбылтуы мен сөйлеу мәнеріндегі ерекшеліктер негізінде саяси көшбасшылардың тұлғасын құру бағытындағы ықпалына ерекше назар аударылады. Зерттеудің мақсаты – Әбіш Кекілбайұлының нанымды саяси мәтін жасауда қолданған әдістері мен стратегияларын және олардың тілдік тәжірибе мен саяси дискурсқа әсерін талдау. Зерттеу спичрайтер қолданатын лингвистикалық құралдар мен стилистикалық құралдардың ерекшеліктерін анықтауға бағытталған, ол әлеуметтік лингвистикалық және психолингвистикалық талдаулар арқылы жүзеге асырылады. Жұмыстың ғылыми болжамы: спичрайтер жасаған тілдік стратегиялар мен тактикалар саяси дискурстың қалыптасуы мен түрленуіне оң әсер етеді және қоғам алдында саяси көшбасшылардың бейнесін жасауда маңызды рөл атқарады. Кілтті сөздер: спичрайтинг, саяси дискурс, социолингвистика, психолингвистика, мәтінді талдау, лингвистикалық стратегия.

Сведения · Details