Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2020, с. 213-223

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Риза Набиевна Жапанова, Калиябану Махметовна Кертаева, Баян Қырықбаевна Шаушекова

Аннотация · Abstract

"Адамдар мен қоғамның салауаттылығы – бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Себебі әрқайсымыздың денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сонымен қатар еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты. Сол себепті салауатты өмір салтын оқыту қолданыстағы білім беру бағдарламалары аясында, әр пән бойынша денсаулық сақтау мазмұнының құндылық, танымдық, нормативті және белсенді компоненттерін бөлгенде, сонымен қатар арнайы денсаулық сабақтарында және сабақтан тыс уақытта жүргізілуі керек. Балалардың салауатты өмір салтының зерттелген ғылыми-теориялық негіздерін ескере отырып, әзірленген теориялық модель мамандардың табысты жұмыс істеуіне ықпал етеді. Бұл модельді қолданудың уақыт кезеңдері шектелмейді. "

Сведения · Details