Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2021, № 2.2021, с. 167-177

Абай шығармаларындағы «Жүрек» архетипі

Макпал Социалкызы Оразбек, Мухаббат Нуржауовна Баратова

Аннотация · Abstract

"Мақалада К. Юнг анықтаған Эго немесе европаша Self, яғни Өздік (Самость) архетипінің Абай шығармаларындағы айқындалу ерекшелігі қарастырылған. К. Юнг поэзияда ақындардың ерекшелігін, өмірге, жалпы әлемге танытатын өзіндік «менін», ақынның Эгосы деп атаған болатын. Әрбір ақынның эгосы оның шығармаларында белгілі бір символмен, кескінмен анықталатынын атап көрсеткен болатын. Абай шығармаларында ақынның «мені» жүрек архетипі арқылы танылатыны, оның өлеңдерін талдау арқылы зерттелді. Абайдың көптеген өлеңдеріндегі «Жүрек» және «Көңіл» архетиптері қазақ әдебиетіндегі ақынның Эгосын айқындайды. «Жүрек» архетипі «Жүректе қайрат болмаса», «Ауру жүрек ақырын соғады жай», «Жүрегім нені сезесің», т.б. өлеңдерінде өзіндік мотивке ие болып, ақынның тылсым сыры мен жан-дүниесін жарқырата танытты. Жүрек архетипі адамзат жаралғаннан бері, сонау есте жоқ ескі заманнан бүкіл әлем халықтарында биологиялық, философиялық, тілдік концептіге ие болып келеді. Ал қазақ поэзиясында жүректі көркем шығарманың идеясына, сюжетіне, образға, символға айналдырған – Абай. Ақын қазақ әдебиетінде жүрек мифологемасын, мифопоэтикасын жасады деп батыл айта аламыз. Қазақ поэзиясында Абайдың жасаған жүрек образы күллі қазақтың жүрегін бейнелейді. "

Сведения · Details